Меню

4S02150103 - Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-1; (2652-4); 2373-4

Мамандығы: 02150100 - Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)
Біліктілік: 4S02150103 - Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-1; (2652-4); 2373-4
Мамандануы: «Қазақ халық аспаптары»:
«Қыл-қобыз»
«Домбыра»
«Қобыз-прима»
«Шертер»
«Бас қобыз»
«Жетіген»
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (орта (толық) жалпы білім негізінде)
Оқу тілі: орыс, қазақ
Оқыту түрі: күндізгі

Мамандық туралы:

«Қазақ халық аспаптары» мамандығы түлегінің кәсіби қызметінің объектілері: мәдени-көркемдік мекемелер, музыкалық мекемелер, студиялар, шығармашылық топтар (оркестр, ансамбль).

Осы мамандықтың түлектері үйренеді:

- музыкалық шығармаларды тұтас және сауатты қабылдау және орындау, жеке, оркестр, ансамбль репертуарын өз бетінше игеруді;

- концертті ұйымдастыру барысында, орындаушылық қызметі мен дайындық жұмысын жүзеге асыруды, шығармашылық ұжымдарда музыкалық жетекшісінің міндеттерін орындауды;

- өз аспабының құрылысын, жөндеуін және құлақ-күйін келтіруге қажетті негізгі білімді пайдалануды;

- әр түрлі жас топтардындағы тындаушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, концерттік-тақырыптық бағдарламалар жасауды;

- оқытуда психология мен педагогика, арнайы және музыкалық-теориялық пәндер бойынша білімдерін қолдануды;

- білім алушының кәсіби шеберліктерін дамытуды жоспарлауды.

Студенттердің практикасы:

«Қазақ халық аспаптары» бөлімінде студенттер педагогикалық тәжірибеден өтеді:

- Педагогикалық тәжірибе - ШҚӨУ тәжірибе секторы негізінде өткізіледі. Мамандық бойынша сабақтарда практика секторының оқушыларымен студент педагог-кенесшімен бірге педагогикалық қызметті жүзеге асырады. Жұмыстың мақсаты - оқушыны емтихандық , концерттік қойылымға дайындау. Сонымен қатар, студент қажетті құжаттарды жүргізумен танысады, таңдаған тақырып бойынша ашық сабақ, әдістемелік баяндама даярлайды, сабақтан тыс іс-шараларды уйымдастыруды үйретеді.

Мансап мүмкіндіктері:

- Білім беру(педагогикалық): балалар музыкалық мектептерінде, өнер мектептерінде арнайы пәндерді оқытуды жүргізу.

- Орындаушылық: кәсіби және көркем өнерпаздар концерттік ұйымдарында, музыкалық ұжымдарда, үйірмелерде, студияларда концерттік қызметын атқару.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: