Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан Халық әртістері училищесінде жұмыс істейтін педагог-психолог қызметінің негізгі бағыттары: психологиялық диагностика, түзету, психологиялық ағарту және алдын алу, консультациялық қызмет, ұйымдастыру-әдістемелік қызмет.
Оқу жылы барысында психолог келесі міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асырады:
Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі жиі шешетін мәселелер:
Психологиялық-педагогикалық ағарту және алдын алу кураторлық сағаттарда психологтың сөз сөйлеуі, әңгімелер, дәрістер, әртүрлі қызмет салаларының мамандарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, практикумдар, пікірталастар, бейнедәрістер, түрлі өзекті тақырыптарға ақпараттық-ағартушылық және профилактикалық акциялар түрінде жүзеге асырылады.
Психолог жұмысының негізгі формалары:
- студенттермен топтық және жеке кездесулер;
- топ кураторларымен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс (ата-аналар жиналысын қоса алғанда).
Жұмыстың негізгі әдістері:
- сауалнама;
- психологиялық-педагогикалық бақылау;
- тестілеу;
- әлеуметтік-психологиялық тренинг;
- психологиялық ойындар мен жаттығулар;
- әңгімелер және т. б.
Сіз әлеуметтік-психологиялық қызметке келесі мәселелер бойынша жүгіне аласыз: бейімделу мәселелері, өз-өзіне күмәндану, тұлғааралық қатынастар (достарымен, оқытушыларымен, қарама-қарсы жыныспен); отбасылық мәселелер, ата-аналармен қарым-қатынас; өзін-өзі тану және жеке өсу мәселелері; сессияға дайындық кезеңіндегі психологиялық қолдау; стресті жеңу; жанжалды жағдайлар және тағы басқалар.