Меню

«Tұран» этно-фольклорлық ансамблінің шеберлік сағаты

Ұлттық мәдени құндылықтарымызды арттыруға сүбелі үлес қосып жатқан  музыка өнерінің тарландарының бірі «Tұран» ансамблі.

         Жетіген, қобыз, сазсырнай, шан қобыз, қылқобыз саз аспаптарын серік еткен «Тұран» ансамблінің тарихы 2008 жылдан бастау алады. Бүгінде шығармашылығын Берлин, Нью-Йорк, Париж сынды әлемнің түкпір елдерінде ұсынған ансамблге 15 жыл. Осы уақыт аралығында 70-тен астам елде өнерлерін көрсетіп үлгерді. Олар қазақ халқының ертеден бері келе жатқан төл дәстүрін терең меңгеріп, екі нақты жанрды симфония мен халық музыкасын біріктіріп, ұмыт бола бастаған ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен күй-жырларды  жаңғыртып жүрген бірегей топ.

            Студенттермен ашық сұхбат өткізген өнер қырандары музыкалық  орындаудың ұлы шеберлігін  көрсетіп қана қоймай,  ұлттық аспаптардың шығу тарихы туралы әңгімелеп берді. Іс-шараның негізгі бағыты қазақ музыкалық өнерінің  фольклорлық түрін көрсету  арқылы  жастарға қазақ халық өнерін  насихаттау, музыка мәдениетін  дамытуға арналған

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: