Меню

Өнерге бастар алғашқы қадам: кәсіптік бағдар беру кездесуі

26 қараша күні жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Ахметова Д.К. мен Сәрсенбаева А.А. бейіналды 8 «Б» сынып оқушысы Муратов Тамерланмен бірге Ыбырай Алтынсарин атындағы № 39 орта мектепте кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Бұл жүздесуде мектеп оқушыларын өнер училищесімен таныстырды: мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және жас музыканттар дамитын ерекше шығармашылық орта туралы айтылды. Мұратов Тамерлан домбыраға деген сүйіспеншілігінің қалай оянғанын және жетінші сыныпта училищеге оқуға қалай келгенін баяндады. Бүгінде Тамерлан табысты білім алып, облыстық байқаулардың лауреаты атанып үлгерді!
Балаларды училищенің тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныстыру үшін оқытушылар студенттік газеттің жаңа шығарылымын алып, училищенің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жарқын бейнероликтер мен қызықты материалдар көрсетті.
Оқушылардың жанарындағы шынайы қызығушылықты көру қуантты! Бұл кездесу біреулер үшін үлкен арманға бастар алғашқы қадам болады деп сенеміз.

85c2cd85-a622-4ef2-824a-34bef73c8358
45e82f4f-9576-4dab-934a-dcf39b759bde
30bbe372-285a-4470-a318-e7986cb5587a
5e773342-a658-40de-ad8e-6d17e964184c
0d972a12-50cf-49ee-8443-660b31bee51b
4977b4bb-9f68-441f-9659-cf9961657055
9b3ecf7a-3288-4f22-9bf9-c8b62e8eb812
ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: