Меню

«Фортепиано» ПЦК

Кафедраның тарихы

Толстова Наталья Викторовна
2015 жылдан бастап «Фортепиано» ПЦК төрағасы

Өнер училищесінің 1998 жылғы түлегі.
2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын  тәмамдаған. Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Өнер училищесінде 2002 жылдан бастап қызмет атқаруда. Толстова Н.В. педагогикалық қызметін сүйемелдеушілік қызметпен ұштастыра білген дарынды тұлға.  Жыл сайын әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге қатысып, қазақ өнерін Испании (Ллорет - де Мар), Франции (Париж), Россия, Санкт-Петербургтің концерттік алаңдарында танытты.  Соңғы жылдары шәкірттері Алматы, Нұрсұлтан, Семей, Өскемен қалаларында өткен республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр. 2017 жылы Нұрсұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің  Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігiнің және 2020 жылы «ARQA»  тәуелсіз агенттігінің аккредитациялық комиссия сарапшыларының мүшесінде болды. 2015 жылдан бастап қалалық, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың әділ қазылар мүшелігінде болды.

Косачева Елена Сергеевна

2015 жылдан бастап «Сүйемелдеушілік сынып және камералық ансамбль»  ПЦК төрағасы
Училищенің 1993 жылғы түлегі.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын  тәмамдаған. Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Оқытушы, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің симфониялық оркестрінің жеке орындаушысы әрі сүйемелдеушісі.
Косачёва Е.С.сүйемелдеуші ретінде аймақтық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлерін дайындады.  
2014 жылы Елена Сергеевна Волгоградта өткен Бірінші Европалық Дельфий ойындарында елімізді танытқан болатын. 2000 жылы Елена Сергеевна бүгінде училищеде қажырлы еңбек етіп жүрген ең алғашқы мамандандырылған сыныпқа жетекшілік етті. 2004 жылдан бастап арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы, шәкірттері  аймақтық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр.
Косачёва Е.С. және Толстова Н.В.фортепиано бөлімінің ұйымдастыру және басқару жұмыстарына асқан қызығушылықпен атсалысуда. Шығармашылық шаралардың ұйымдастырылуы, орындалатын шығармалардың қалың көпшіліктің талғамына сай болуы  көрермен тарапынан зор бағаға ие.

Куприянова Людмила Трофимовна

1963 жылы П.И.Чайковский атындағы Челябинск музыкалық училищесін тәмамдады.
1968 жылғы Құрманғазы атындағы өнер институтының (бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы) түлегі.   
Жоғары педагогикалық санатты.
Людмила Трофимовна, 1968 жылдан бастап Пединституттың музыка факультетінде, кейіннен училищеде фортепиано бөлімінде еңбек етуде. Людмила Трофимовна әр шәкіртінің ұтымды тұстарын оңтайлы пайдалана білетін, мақсатқа жетудің қыр-сырын жетік танытып, әр оқушысының бойына өзіне деген сенімділікті ұялатуда. Шәкірттерінің көбі дерлік республикалық кәсіби байқаулардың жүлдегерлері. Сынып түлектері бүгінде әлемнің әр түкпірінде еңбек етуде, атап айтар болсақ: Австрия, Австралия, Канада, Америка, Украина, Ресей. Людмила Трофимовнаның шәкірттері ШҚӨУ жемісті еңбек етуде:  Кудрявцев В.Н., Романова Н.В., Антипина А., Молодова И.М. 
Оқытушы 1999 жылы «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Людмила Трофимовнаның педагогикалық білімі мен біліктілігі жоғары бағаланып, оқытушыға «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры» атағы тағайындалды.

Русакова Ольга Борисовна

Училищенің 1981 жылғы түлегі.
1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Училищеде 1981 жылдан бастап еңбек етуде, жеті жыл көлемінде «Сүйемелдеушілік сынып және камералық ансамбль»  ПЦК төрағасы қызметін атқарды.
Оқытушы өнер училищесінің әртүрлі бөлімдерінде қажырлы еңбек етіп, көпжылдық сүйемелдеушілік тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ольга Борисовна үрмелі аспаптар бөлімінің оқытушылары - Курепин В.А., Косачев С.П., Рользинг В.Т., Тютюньков А.П., халық аспаптары бөлімінің оқытушылары - Кошкинбаева М.Т., Яговкина Т.В., Алпыспаева Г. М., сонымен қатар «Ән салу» бөлімінің оқытушылары - Ткач В.М., Нургалиева А.Ш. сияқты мамандармен өзара сабақтаса еңбек етті.
ШҚӨУ еңбек еткен жылдарында сүйемелдеуші ретінде республикалық байқауларға қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Ходько Татьяна Викторовна

Училищенің 1981 жылғы түлегі.
1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
Педагогикалық және сүйемелдеушілік санаты жоғары.
Татьяна Викторовна училищеде 1986 жылдан бастап еңбек етуде.
Бірнеше жыл фортепиано бөлімі оқушыларының сынып жетекшісі міндетін атқарды.
1988 жылы Облыстық филармонияның камералық оркестрінің жеке орындаушысы болса, 2002 жылдан бүгінге дейін  ШҚО Әкімінің симфониялық оркестрінің жеке орындаушысы. Сүйемелдеуші ретінде Косачёв С.П., Глушков Н.И., Гавриленко Т.В. сынды оқытушылармен жұмыс істеді. Көптеген оқушылары байқау жүлдегерлері атанғаны үшін жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттары мен дипломдармен марапатталды.
2013 жылдан бастап «Фортепианода оқыту әдістемесі» пәнінен  сабақ береді. Бірнеше жыл облыстық, қалалық, аймақтық, аудандық пианисттер мен аспаптық орындаушылар байқауларының төрағасы және қазылар мүшесі болды. Татьяна Викторовнаның шәкірттері соңғы жылдары республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің, олимпиадалардың жүлдегерлері атанып жүр. Сүйемелдеуші ретінде ҚР Еңбегі сіңген әртіс В.М.Ткачпен тығыз шығармашылық байланыста.     
2012 жылы жоғары кәсіби шеберлігі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан алғысқа ие болды.

Толегенова Дана Абылкановна

Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің 1992 жылғы түлегі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын 2000 жылы тәмамадаған.
Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Дана Абылкановна "Фортепиано" ПЦК-да 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Сынып студенттері жыл сайын облыстық, халықаралық байқау-фестивальдерге қатысуда. Сүйемелдеуші ретінде Д.А. Төлегенова вокалдық бөлімде жұмыс атқаруда. Аталған бөлімнің студенттері әртүрлі деңгейдегі бірнеше байқаулардың 1, 2 дәрежелі жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар, "Ертіс-концерт" мекемесінде сүйемелдеушісі міндетін қатар ала жүріп, Қазақстан және Ресей қалаларында ҚР Еңбек сіңірген әртісі К. Мыржықбай, ШҚО филармониясының жеке орындаушысы А. Мазкенова, Пезаро қаласындағы Опера театрының жеке орындаушысы Әлия Бейсенова, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы Нұржан Бажекенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Желтыргузов, «Астана-опера» жеке орындаушысы Ж. Ғабдуллинаның қатысуымен өткен көптеген шығармашылық шараларда өнер көрсетті.

Чукреева Вера Андреевна

Училищенің 1974 жылғы түлегі.
1980жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.  Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Вера Андреевна училищеде  1980 жылдан бастап еңбек етуде. Әр жылдары фортепиано бөлімі оқушыларының сынып жетекшісі міндетін атқарды. «Аймақтық компонент» шығармашылық тобын басқарады.
20 жылға жуық «Фортепианода оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс оқып, фортепианолық және орган музыкасы бойынша көптеген жеке концерттер берді. Оқытушының полифония стиліндегі шығармалардың концерттік репертуарында сонаталар, шығармалар (пьесалар) және XVII-XX ғасырлардағы композиторлардың концерттері бар. РФ Барнаул филармониясының шақыруымен Алтай өлкесінің симфониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетті. Халықаралық байқауларың алғыс хаттарына ие. Сүйемелдеуші ретінде В.И.Свахина, П.М.Галушко, Т.В.Яблокова, Е.Макарцова, О.А.Штрауб, Т.В.Гавриленко, А.О.Щербатых, И.Б.Карпеева сынды оқытушылармен бірлесе жұмыс істеп халықаралық, республикалық байқауларда өнер көрсетті. Көптеген лауреаттар мен дипломанттарды дайындады. Шәкірттерінің көбі дерлік республикалық кәсіби байқаулардың жүлдегерлері. В.А. Чукреева "Ертіс концерт" мекемесінің камералық оркестрінің жеке орындаушысы және музыкалық өңдеушісі (аранжировщик) болып табылады. Оның түлектері Н.В.Толстова мен Д.А.Толегенова арнайы фортепиано бөлімінде жұмыс істейді.

Романова Наиля Викторовна

Училищенің 1979 жылғы түлегі.
1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.  Педагогикалық және сүйемелдеушілік  санаты жоғары.
Наиля Викторовна училищеде  1984 жылдан бастап еңбек етуде, он үш жыл көлемінде «Сүйемелдеушілік сынып және камералық ансамбль»  ПЦК төрағасы қызметін атқарды. Сүйемелдеуші ретінде Косачев С.П., Ткач В.М., Нургалиева А.Ш., Панкратьева А.М., Глушков П.М., Тютеньков А. П., Шилова А.М. сынды оқытушылармен жұмыс істеді. «Камералық музыка тарихы» пәнінен әдістемелік еңбектер әзірледі, сонымен қатар, сынып жетекшісі міндетін атқарды. Көп жылдар бойы О.В. Паршаковамен фортепианолық дуэт құрып, қалалық және облыстық музыкалық мектептердің сахнасында өнер көрсетті.
«Сүйемелдушіге көмек» атты әдістемелік құралының авторы.
Сынып түлектері бүгінде әлемнің әр түкпірінде еңбек етуде, атап айтар болсақ: Новосибирск, Красноярск, Санкт-Петербург, Баку, Алматы, Кемерово және Барнаул қалаларының мәдениет институттары. Филармонияда сүйемелдеуші қызметінде бола тұрып, Наиля Викторовна А.Нұрғожина, В.З. Семенчинмен концерттерде және теледидарда өнер көрсетті; Италиядан келген әншілер А. Бейсенова және И. Жұмадыловамен бірлесіп, ынтымақтастықта еңбек етті.
Н.В. Романова бірнеше жыл бойы училищенің сарапшылық кеңесінің төрағасы міндетін атқара жүріп, облысымыздың БММ ұстаздары мен өз әріптестерінің әдістемелік жұмыстарымен мақалаларын саралады.

Туембаева Ольга Ивановна

Училищенің 1982 жылғы түлегі.
1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.  Педагогикалық санаты жоғары.
Ольга Ивановна  бөлімде 30 жылдан астам жұмыс істейді. 2006-2015 жж. аралығында «Фортепиано» ПЦК төрағасы қызметін атқарды. Алматы, Павлодар қалаларында өткен Республикалық жас орындаушылар және  облыстық  «Жас орындаушылар» байқауының әділ қазылар мүшелігінде болды.
Ольга Ивановнаның түлектері Алматы, Нұр – Сұлтан, Кемерово, Барнаул қалаларында білім алуда.
Көп жылдар бойы сүйемелдеуші ретінде ҚР Еңбегі сіңген әртісі В.М.Ткачпен тығыз шығармашылық байланыста болды.  

Бактиярова Марина Владимировна

Училищенің 2012 жылғы түлегі.
2015 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәмамадады.
Педагогикалық санаты – бірінші.
Марина Владимировна 2016 жылдан бастап бөлімнің сынып жетекшісі міндетін атқарып келеді. Осы кезден бастап жас маман өзінің жауапкершілігі негізінде көптеген  сыныптан тыс шаралар мен концерттер ұйымдастырды. Оқытушы педагогикалық міндетімен қатар өзінің сүйемелдеушілік білімін Қазақ халық аспаптары, Орыс халық аспаптары, Хормен дирижерлеу ПЦК шыңдауда. Марина Владимировна өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында өзінің сыныптан тыс жұмысын республика көлемінде танытып Республикалық «Үздік жас маман» байқауына қатысып, екі номинация «Үздік сыныптан тыс жұмыс» және «Ұжымды жақындастыру» бойынша 1 орын иеленді.

Цыкунова Наталья Ивановна

Училищенің 1982 жылғы түлегі.
1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.  Педагогикалық және сүйемелдеушілік санаты жоғары.
Өнер училищесінде 1987 жылдан бастап қызмет атқаруда, фортепиано бөлімі оқушыларының сынып жетекшісі міндетін атқарды. Сүйемелдеуші ретінде үрмелі және ішекті аспаптар бөлімдерінде жұмыс істеді

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: