КОШКИНБАЕВА МАРЖАН ТОЛЕШОВНА «Мәдениет саласының үздігі»(2015ж.)
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК төрайымы, «қобыз-прима» класының жоғары біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2004ж.
Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі (1995ж.), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының (2004ж.) түлегі. Өз еңбек жолын 1998 жылы бастады, еңбек өтілі 22 жыл. Мамандық, ансамбль, оркестр партияларын оқу, аспапта оқыту әдістемесі сынды арнайы пәндерді жүргізеді. Қызмет барысында өзін кәсіби оқытушы ретінде көрсете отырып, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттарының бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Халықаралық «Жұбанов көктемі – 2013» байқауының дипломанты «АЛАС» этно-фольклорлық ансамблінің және Халықаралық «Таланты Казахстана» байқауының (2019ж.) лауреаты «Қобызшылар ансамблінің» жетекшісі.
|
|
КИТАПОВА АНАР ЧАЛКАРБЕКОВНА
«Қазақтың халық аспаптары» ПЦК,
(домбыра) бөлім меңгерушісі «домбыра» класының екінші біліктілікті санатты оқытушысы, Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық музыка академиясы, 2009 ж
Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжін домбыра сыныбы бойынша (2005 ж.), Қазақ ұлттық музыка академиясын домбыра мамандығы бойынша (2009 ж.) бітірді. Педагогикалық мансабын 2009 жылы бастаған, еңбек өтілі - 12 жыл. Мамандық, оркестр партияларын үйрену, жалпы домбыра, педагогикалық тәжірибе пәндерінің оқытушысы. Жұмыс барысында ол өзін республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттарының бірнеше буынын тәрбиелеген кәсіби мұғалім ретінде көрсетті.
|
|
СЕЙМАНОВА ГУЛЬБАРШЫН ЗАДАБЕКОВНА
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«Домбыра» класының жоғары біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2003ж.
Өскемен музыкалық училищесін домбыра класы бойынша 1990ж. бітірді, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ домбыра класы бойынша 1995ж бітірді, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын домбыра мамандығы бойынша 2003ж тәмамдады. Өзінің педагогикалық қызмет жолын 1993 жылы бастады, еңбек өтілі 27 жылды құрайды. Арнайы пәндер ұстазы: мамандық, ансамбль, оркестр партияларын үйрену, дирижерлеу, оркестр партитурасын оқу, аспапта оқыту әдістемесі және педагогикалық практика. Ұстаздық қызметті атқару барысында өзінің кәсіби біліктілігін көрсетіп, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлерін дайындады.
|
|
МУСТАФИН МЫРЗАБЕК АЙТКАЗЫЕВИЧ
ПЦК «Қазақ халық аспаптары»,
«дирижерлеу» класының екінші біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 1988ж.
Өскемен музыкалық училищесін домбыра класы бойынша аяқтады (1983ж.), Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (1988ж.) Өзінің педогогикалық қызметін 1990 жылдан бастады, педогогикалық еңбек өтілі 30 жылды құрайды. Арнайы пәндердің оқытушысы: дирижерлеу, оркестрмен жұмыс, аспаптау, аспаптану. Жұмыс барысында өзін кәсіптік деңгейдегі педогог ретінде танытты. Көп жылдардан бері қазақ халық аспаптар оркестріне аранжировкалар, аудармалар жасады. 2017 жылы «Көк сері» атты партитуралар жинағы жарыққа шықты.
|
|
РЫСХАНОВ ШАЛХАР РЫСХАНОВИЧ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«домбыра» класының жоғары біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2007ж.
Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің түлегі (2001ж.). Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында білім алған (сырттай бөлімі) (2007ж.). 2001 жылдан бері "Қазақ халық аспаптары" "домбыра" ПЦК жоғары біліктілікті санатты оқытушысы. Мамандық, ансамбль, оркестр партияларын үйрену сынды мамандық пәндерін жүргізеді. Қызмет еткен жылдары халықаралық және республикалық байқау фестиваль, олимпиадалардың бірнеше мәрте лауреаттарын тәрбиеледі. "ЖІГЕР" ансамблінің жетекшісі. Ансамбль бірнеше мәрте халықаралық фестивальдардың лауреаты атанды. Сонымен қатар ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" КМҚК Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін қоса атқарады.
|
|
БУКЕЕВА АРАЙ АМАНЖОЛҚЫЗЫ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«шертер» класының жоғары біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2002ж.
Өскемен музыка колледжін домбыра класыы бойынша тәмәмдаған (1997ж), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын шертер мамандығы бойынша бітірген (2002ж). Оқытушылық қызметін 2002 жылдан бастаған, еңбек өтілі 18 жыл. Шертер сыныбының негізін қалаушы. Арнайы пәндер оқытушысы: мамандық, ансамбль, БММ репертуарын үйрену, оркестр партияларын үйрену, педагогикалық практика. Жұмыс барысында өзін кәсіби мұғалім ретінде көрсетті, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен диплом иегерлерін дайындаған.
КМҚК «Ертіс концерт» мекемесінде «Алтай» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі.
|
|
БУЛАТОВА ДИНАРА БУЛАТОВНА
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«домбыра» класының бірінші біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық өнер университетінің, 2011ж.
Булатова Динара Булатовна 2019 жылдан бастап директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін атқаруда. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің «Домбыра» мамандығының (2007ж.) және Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің (2011 ж.) түлегі. 2013 жылдан бастап «Қазақ халық аспаптары» бөлімінде оқытушылық қызмет атқарып, 2016-2019жж. «Қазақ халық аспаптары» пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы болды. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын шараларға ШҚӨУ шығармашылық ұжымдарын белсенді араластыру мақсатында 2014-2019жж. қоғамдық негізде концерттік менеджердің міндеттерін атқарды. Еңбек өтілі - 7 жыл.
|
|
МАТАБАЕВ ЕСТАЙ ЕРБОЛАТОВИЧ
«Қазақ ұлттық аспаптар» ПЦК,
«домбыра» классының оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2011ж.
Халық әртістері ағайынды Аблуллидер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «домбыра» класының (2007ж.) түлегі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «домбыра» мамандығы тәмамдаған (2011ж.). Педагогикалық жолын 2012 жылы бастаған, еңбек өтілі – 8 жыл. Мамандық, ансамбль, дирижирлеу сияқты арнайы пәндердің оқытушысы. Осы уақытта өзін халықаралық, республикалық сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттарын дайындаған білікті маман ретінде көрсетіп келеді. Училищенің қоғамдық және концерттік шараларына белсенді қатысады. Студенттік оркестрдің жетекшісі. Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты.
|
|
БАЙЖУМЕНОВА АЙГЕРИМ КАЙРАТОВНА
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК,
«Басқобыз» класының екінші біліктілікті санатты оқытушысы. Кәсіподақ ұйымының төрайымы. Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық өнер университеті, 2012г.
Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс-Қазақстан өнер колледжін басқобыз сыныбы бойынша (2008г.), Қазақ ұлттық өнер университеті, виолончель мамандығын (2012г.)тәмамдаған. Ұстаздық қызметін 2012 жылы бастады, еңбек өтілі 9 жыл. Арнайы пәндер оқытушысы: мамандық, ансамбль, туыстас аспап, педагогикалық практика, оркестр партияларын үйрену, БММ репертуарын үйрену. Жұмыс барысында өзін республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарын тәрбиелей алатын кәсіби педагог ретінде көрсетті. "SENSATION" баскобызшылар ансамблінің жетекшісі.
|
|
|
АДАМГАЛИЕВА МАДИНА АБАЙГАЛИЕВНА
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
бөлімі «қыл-қобыз» класының екінші біліктілікті санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық өнер университеті, 2013ж.
Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжін прима-қобыз класы(2009ж.), Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін қыл-қобыз мамандығы бойынша (2013ж.) тәмамдаған. Ұстаздық қызметін 2013ж бастаған, еңбек өтілімі 8 жыл. Арнайы пәндер оқытушысы: мамандық, ансамбль, оркестр партияларын үйрену, педагогикалық тәжірибе, БММ репертуарын үйрену, орындаушылық өнер тарихы. Жұмыс барысында халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулардың лауреаттарын тәрбиелеп келеді. «Толғау» қыл-қобызшылар ансамбілінің жетекшісі.
|
|
КАРЫМОВА АЙГЕРИМ ЕРИКБЕКОВНА
«Казақ халық аспаптары» ПЦК,
«қыл-қобыз» класының оқытушысы. Жоғары білімді: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2017
Қыл-қобыз класы бойынша Шығыс Қазақстан өнер училищесін тәмәмдаған (2013ж.) Қыл-қобыз мамандығын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында тәмамдаған (2017ж.). Мұғалімдік мансабын 2017 жылы бастаған, еңбек өтілі 3 жыл. Арнайы пәндердің оқытушысы: мамандық, ансамбль, оркестр партияларын үйрену, педагогикалық практика, туыстас аспап. Жұмыс барысында озін республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттарын тәрбиелейтін кәсіби мұғалім ретінде көрсетті. Ол училищенің қоғамдық және концерттік шараларына белсенді қатысады. Өте жақсы іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие.
|
|
ТАШИНОВА АЛУА КЕНЖЕГАЛИЕВНА
ПЦК «Қазақ халық аспаптары»,
«шертер» класының оқытушысы. Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық өнер университеті, 2013ж.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің түлегі(2009ж.). Қазақ ұлттық өнер университетін шертер мамандығы бойынша тәмамдады(2013ж.). Ұстаздық қызметін 2013 жылдан бастады. Еңбек өтілі 7жыл. Мамандық, ансамбль, оркестр партиясын үйрену, педагогикалық тәжірибе арнайы пәндер оқытушысы. Жұмыс атқару кезінде, халықаралық, республикалық байқуларға шәкірт тәриелей отырып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Училищенің қоғамдық-концерттік іс-шараларына белсенді қатысады. «МИ-ЛЯ-РЕ» шерершілер ансамбілінің жетекшісі.
|
|
ӘДІЛҚАН АҚЖОЛ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«қобыз-прима» класының оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2018ж.
Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің (2014ж.) және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі (2018ж.). "Қазақ халық аспаптары" бөлімінің қобыз-прима класы бойынша 2019 жылдан бері оқытушылық қызметін атқарады. Арнайы пәндердің оқытушысы: мамандық, ансамбль, оркестр партияларын үйрену, дирижерлеу. Жұмыс барысында ол өзін кәсіби мұғалім ретінде көрсетті. Өте жақсы іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие. Училищенің қоғамдық-концерттік шараларына үнемі қатысады, түрлі іс-шараларда жүргізуші қызметін атқарады. Республикалық конкурстардың лауреаты.
|
|
ЗАРҚЫНБЕКОВА ЖАНСАЯ ЕРЖАНҚЫЗЫ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«қобыз-прима» класының оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2017ж.
Халық артістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің түлегі (2013ж.), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында жоғары білім алған (2017ж.). 2018 жылдан бері "Қазақ халық аспаптары" ПЦК «қобыз-прима» класының оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі 3 жыл. Мамандық, ансамбль, педагогикалық практика, оркестр партияларын үйрену сынды арнайы пәндерін жүргізеді. Училищенің қоғамдық және концерттік шараларына белсенді қатысады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.
|
|
САҒИЕВ ЕЛАРЫС КӨБЕШҰЛЫ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«бас домбыра» класының оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2018ж.
Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің (2014ж.) және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі (2018ж.). "Қазақ халық аспаптары" бөлімінің бас домбыра класы бойынша 2019 жылдан бері оқытушылық қызметін атқарады. Арнайы пәндердің оқытушысы: БММ репертуарын үйрену, оркестр партияларын оқу. Қызмет барысында ол өзін кәсіби мұғалім ретінде көрсетті. Өте жақсы іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие. Училищенің қоғамдық-концерттік іс-шараларына белсенді қатысады.
|
|
СЕРІКОВА БЕКЗАТ СЕРІКҚЫЗЫ
«Қазақ халық аспаптары» ПЦК
«жетіген» класының оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2018ж.
Халық әртістері ағайынды Аблуллидер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «домбыра» класының (2013ж.) түлегі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «жетіген» мамандығы бойынша (2018ж.) білім алған. «Казақ халық аспаптары» бөлiмiнде «жетiген» класын ашқан алғашқы маман. Жалпы еңбек өтілі 2 жыл. Қосымша Өскемен қаласындағы Балалар музыка мектебінде оқушы тәрбиелейді. Бірқатар жасөспірімдерді лауреат пен дипломант атандырған. Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты «Жігер» ансамблінің орындаушысы болған.
|