Дузкенова Альмира Акатаевна Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің " Хормен дирижерлеу" ПЦК төрағасы (2019ж.).
Өскемен музыкалық училищесінің "Хормен дирижерлеу" мамандығы бойынша түлегі (1988ж.), (оқытушы А. В. Синельников сыныбы), Құрманғазы атындағы АМК "Хор дирижерлау" мамандығы бойынша (1993ж), Құрманғазы атындағы ҚҰК "Хорды дирижерлау" мамандығы бойынша ассистентура-тағылымдама (проф. Б. А. Жаманбаева сыныбы, 2005ж).
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "Музыкалық білім" кафедрасының аға оқытушысы, университет студенттерінің аралас хорының жетекшісі лауазымында жұмыс істеді (1996-2016ж).
2016 жылдан бастап халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің хор пәндерінің оқытушысы болып табылады. Сынып студенттері Құрманғазы атындағы ҚҰК хор дирижерлау бойынша Республикалық олимпиаданың лауреаттары болып табылады.
|
|
Солтанова Лейля Каблашевна Мәдениет саласының үздігі (2019ж.)
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің "Хормен дирижерлеу" ПЦК оқытушысы.
Өскемен музыкалық училищесінің (1986 ж.), оқытушы Г. М. Миллер сыныбы, Құрманғазы атындағы АМК (1992 ж.), оқытушы Ж. А. Байысбаева сыныбы, түлегі.
Кәсіби қызметін №15 Балалар өнер мектебінің хор жетекшісі ретінде бастады (1991-2014), 1998 жылдан – Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің "Хормен дирижерлеу" ПЦК оқытушысы, "Хормен дирижерлеу" пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы болды (2014 жылдан 2019 жылға дейін).
Л. К. Солтанова жұмыс істеген жылдары "ALLEGRO" әйелдер вокалдық ансамблін (1998), "РАДЭ" (2009-2015), "МИРЭН" (2010-2016), "До-star" (2014-2016), "Ай-ару"(2017) вокалдық топтарын құрды.
Балалар хор ұжымымен жұмыс жасау бойынша "Skylark" авторлық бағдарламасын құрды.
Л. К. Солтанованың басшылығымен ұжымдар бірнеше рет қаланың, облыстың және республиканың айтулы оқиғаларының қатысушылары болды. Қалалық, облыстық және республикалық іс-шаралардың тұрақты қатысушылары бола отырып, бұл ұжымдар ұлттық хор мәдениетін насихаттайды.
|
|
Темирова Асель Канбековна ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2019 ж.)
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің «Хормен дирижерлеу» мамандығының оқытушысы.
Шығыс Қазақстан өнер колледжінің (оқытушылары Колыхалова Л.К, Почекин С.Г. сыныбы), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (профессор Б. А. Жаманбаев сыныбы, 2004 ж.) және ассистентура-тағылымдаманың (профессор Б. А. Жаманбаев сыныбы, 2007 ж.) «Хормен дирижерлеу» мамандығының түлегі.
2005 жылдан бастап ШҚ Өнер училищесінің оқытушысы, аралас хордың дирижері, «IN CORO» және «ІҢКӘР» вокалдық топтарының көркемдік жетекшісі.
А.К.Темированың шәкірттері жыл сайын Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ҚҰК-да өтетін «Хормен дирижерлеу» мамандығы бойынша студенттерге арналған Республикалық олимпиаданың лауреаттары болып табылады.
А.К.Темирова - «Жас кәсіпқойлар» номинациясы бойынша ШҚО Әкімі сыйлығының иегері (2009 ж.), облыстық «Үздік педагог - 2020» байқауының жүлдегері, «Үздік хормейстер» атағының иегері. Есімі «Шығыс Қазақстанның алтын жастары» кітабына енгізілген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» мадақтамалары және дипломдарымен марапатталған.
А.К.Темированың басшылық етуіндегі ұжымдар Халықаралық, Республикалық байқаулар мен фестивальдарының, сонымен қатар, «Жас шығармашылық ұжым» номинациясы бойынша Өскемен қаласы әкімі сыйлығының жүлдегерлері. Аралас хор халықаралық «Astana – the Voice of the World», «Shine Astana» хор жобасының, Густав Малердің 8-симфониясының халықаралық көрсетілімінің қатысушысы. «IN CORO» вокалдық квартеті «Жас қанат», «Х-фактор» сынды телевизиялық мега жобалардың жүлдегері.
|
|
Новикова Оксана Валерьевна Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің "Хормен дирижерлеу" ПЦК оқытушысы. Өскемен музыкалық училищесінің түлегі (1987ж), оқытушы Т. А. Синельникованың сыныбы.
1992 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ән айту, музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, оқытушы А. В. Синельниковтың сыныбы. 2006 ж. - Алтай Мемлекеттік Мәдениет және өнер академиясы, оқытушы И. В. Грицай сыныбы. О. В. Новикова Тюмень мемлекеттік университетінің "Музыкалық білім беру" кафедрасының меңгерушісі В. В. Емельяновтың бағдарламасы бойынша оқытудың тиімді әдістерін өз жұмысының тәжірибесіне енгізеді.
О. В. Новикованың кәсіби қызметінің тиімділігі студенттердің сауаттылығы мен олардың орындаушылық шеберлігінің жоғары музыкалық деңгейімен сипатталады. Ол басқаратын "Bellissimo" ансамблі училище іс-шараларында да, қалалық мерекелерде де лайықты өнер көрсетеді.
О. В. Новикованың студенттері кәсіби байқауларға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады, атап айтқанда Шмаленко Дарья: "Невское сияние" халықаралық өнер фестиваль-байқауының (Санкт-Петербург 2015 ж.), "Алтын нота" халықаралық балғын және жас орындаушылар байқауының (Мәскеу 2017 ж.), ҚР орта арнайы оқу орындарының оқушылары арасындағы Республикалық Кіші олимпиаданың жүлдегері (Алматы 2019 ж.).
Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Үкіметтік медальмен марапатталған.
|
|
Канапина Жанара Мухтаровна Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің "Хормен дирижерлеу" ПЦК оқытушысы.
Шығыс Қазақстан өнер колледжінің "Хормен дирижерлеу" мамандығы бойынша түлегі (1999ж., оқытушы Л. К. Колыхалова сыныбы), Аманжолов атындағы ШҚМУ "Музыка мұғалімі" біліктілігі (2006 ж.), К. Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясы (2017ж.), "Академиялық хор дирижері, хор пәндерінің оқытушысы" біліктілігі.
2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өнер колледжінде хор пәндерінің оқытушысы ретінде педагогикалық қызмет атқарады. Ж. М. Канапина - сауатты, жоғары кәсіби маман. Ол үнемі өздігінен білім алумен айналысады және өз біліктілігін арттырады: 2017 жылы атақты дирижер Лео Дэйдің (Техас штаты) онлайн-шеберлік курсы арқылы біліктілігін арттырды.
Ж. М. Канапина училищенің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, хор иллюстраторы ретінде қалалық, облыстық және республикалық концерттерге қатысады.
"Хормен дирижерлеу" бөлімінің 3-4 курс сынып жетекшісі болып табылады.
|
|
Бақтқанов Рафхат Асхатұлы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің "Хормен дирижерлеу" ПЦК оқытушысы.
Шығыс Қазақстан өнер колледжінің "Хормен дирижерлау" мамандығы бойынша (оқытушы А.К. Темированың сыныбы), К. Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясының (2017ж.) түлегі, "Академиялық хор дирижері, хор пәндерінің оқытушысы" біліктілігі.
Р. А. Бақтқановтың жетекшілігімен "Камертон" хорының аға тобы "Хрустальная нота" өңірлік байқауының 1-дәрежелі лауреаты атанды. Бөлімде тәрбие жұмысын жүргізеді, 1-2 курстардың сынып жетекшісі болып табылады. Р. А. Бақтқанов шеберлік сабақтарын өткізеді, аймақтағы музыка мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсете отырып, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөліседі.
2020 жылдың желтоқсан айында "Мәдениет пен өнердің үздік жас маманы" номинациясы бойынша жастар арасындағы "Алау –2020" Өскемен қаласы әкімінің сыйлығының жеңімпазы атанды.
|