Меню

«Міндетті фортепиано» ПЦК

Кафедраның тарихы

Плотникова Анна Георгиевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК төрайымы, жоғары санатты оқытушы, сүйемелдеуші.
1986жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесін үздік аяқтап, 1996 Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
Училищеде  1986 жылдан бастап еңбек етуде. Еңбек өтілі 34 жыл.
1997 жылдан бастап ПЦК «Міндетті фортепиано» төрайымы. Педагогикалық тәжірибесі «Жалпы фортепиано» пәндік-циклдік комиссиясының тәжірибесінен» атты әдістемелік жинақта ұсынылған.Түрлі мамандық иелерін фортепиано өнеріне дайындауда Бірінші Республикалық байқауының қазылар алқа мүшесі.
Байқауда көрсеткен жоғары кәсібилігі мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін училище әкімшілігінің көптеген алғыс хаттары мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

Писаревская Ольга Павловна

«Міндетті фортепиано» ПЦК бірінші оқытушысы, жоғары санатты сүйемелдеуші.
1973 жылы Шығыс Қазақстан өнер училищесін, 1989 жылы Өскемен педагогикалық институтын тәмамдаған. Еңбек өтілі 49 жыл. 1971 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өнер училищесінде еңбек етуде. Көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс хаттарға ие.

Подгорбунская Людмила Михайловна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушысы, бірінші санатты сүйемелдеуші.
Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің «Фортепиано» мамандығы (1979ж.). Өскемен педагогикалық институтының «Музыка мен ән» факультетін бітірді (1988ж.). Өз еңбек жолын 1979жылы бастаған. Еңбек өтілі 43жыл.
Бөлімнің оқытушыларымен бірге «ПЦК «Жалпы фортепиано» жұмыс тәжірибесінен», «ПЦК «Жалпы фортепиано» оқытушылардың ашық сабақтары мен дәріс концерттерін әзірлеу» атты авторлық әдістемелік құралдарын дайындады. ШҚӨУ тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысып, әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысқаны үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Молодова Ирина Васильевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушысы, бірініші санатты сүйемелдеуші.
Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің «Фортепиано» мамандығын (1979ж.), Өскемен педагогикалық институтын (1988ж.) тәмамдаған. 1980 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде оқытушылық пен сүйемелдеуші қызметін атқарып келеді. Еңбек өтілі 41жыл. Еңбек жолындағы жасаған адал қызметі үшін училище әкімшлігінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарына ие. Көп жылдық педагогикалық еңбегінің нәтижесі ретінде «ПЦК «Жалпы фортепиано» жұмыс тәжірибесінен» атты әдістемелік құралдың авторы.

Ушакова Ольга Владимировна

«Міндетті фортепиано» ПЦК бірінші санатты оқытушысы, жоғары санатты сүйемелдеуші.

Білімі жоғары: Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институты (1984ж.) бітірген.
Еңбек өтілі 45 жыл. Өз еңбек жолын 1994 жылдан бастап, «Міндетті фортепиано» бөлімінде оқытушылық қызметте атқаруда. Көп жылдық педагогикалық еңбегінің нәтижесі бөлімнің оқытушыларымен бірге «ПЦК «Жалпы фортепиано» жұмыс тәжірибесінен», «ПЦК «Жалпы фортепиано» оқытушылардың ашық сабақтары мен дәріс концерттерін әзірлеу» атты авторлық әдістемелік құралдарын әзірледі.
Сүйемелдеуші ретінде училищенің концерттік өміріне белсене қатысады.
Әкімшілік тарапынан көпжылдық еңбегі бағалана отырып, жоғары кәсіби шеберлігі мен байқаулардың жүлдегерлерін дайындағы үшін, училищенің әкімшілігінің алғыс хаттары, ШҚО Білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грматоларына ие болды.

Уланова Елена Петровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы,  жоғары біліктілікті санатты сүйемелдеуші.
1980 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесін, 1989 жылы Өскемен педагогикалық институтын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі 40жыл.
«Жалпы фортепиано» әдістемелік  жинағының авторлар құрамы.
Көпжылдық  еңбегі үшін училеще әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан  Білім бөлімінің атынан алғыс хаттар иегері. Ол «Жалпы фортепиано» пәні бойынша «Хрестоматия аккомпанемента» әдістемелік жинағының авторларының бірі. Училище әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы атынан  көп жылғы еңбегі үшін мақтау қағаздармен марапатталды.

Семенко Галина Пантелеевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, бірінші санатты сүйемелдеуші.
1975жылы Шығыс Қазақстан музыкалық  училищесін, 1980жылы Құрманғазы атындығы  Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмәмдаған.
Оқытушылық еңбек өтілі 40жыл.
2014 жылдан бастап cүйемелдеуші болып жұмыс істейді.
Көпжылдық еңбегімен аймақтық  байқаулар мен фестивальдарда көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін училище әкімшілігі атынан алғыс хаттарға ие.

Быкова Надежда Евгеньевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты сүйемелдеушісі.
1979 жылы Өскемен музыкалық училещесінің «Хор дирижері» бөлімін, 1982 жылы  «Фортепиано» бөлімін тәмәмдаған.
1992 жылы С.Аманжолов атындағы Мемлекеттік универститетін бітірген.
Еңбек өтілі 42 жыл.
Ол 30 жыл бойы іс-тәжірибе секторындағы «Камертон» хорының таптырмас сүйемелдеушісі, студенттерге хор аранжировкаларын жүргізуге көмектеседі.
Студенттердің Мемлекеттік қорытынды аттестациялауында сүйемелдеуші ретінде жоғары кәсіби деңгей көрсеткені үшін МҚА төрағасының мадақтауларына ие. Ұзақ жылдар бойы өз ісінде кәсіби жетістіктерге жеткені үшін алғыс хаттар пен мақтау қағаздарына ие.

Усатюк Татьяна Петровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК бірінші санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
Өскемен қаласындағы музыкалық училищесінің «Фортепиано» мамандығы (1972ж.). Өскемен педагогикалық институтының «Музыка мен ән» факультетін (1986ж.) бітірген. Еңбек жолын 1970 жылы бастаған. Еңбек өтілі 50 жыл.
«Ән салу» бөлімінде сүйемелдеуші болып еңбек етеді. Әртүрлі деңгейдегі байқауларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарына ие. ШҚӨУ тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысады

Климова Галина Ивановна

«Міндетті фортепиано» ПЦК екінші санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
Өскемен қаласындағы музыкалық училещесін (1980ж.), С. Амнжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститеті (2005ж.) тәмамдаған.
Еңбек өтілі 40 жыл.
Педагогикалық жолын 1980 жылы өнер мектебінің хор студиясында сүйемелдеуші болып бастады. 2005 жылы  ШҚ мемлекеттік университетінде музыка кафедрасында сүйемелдеуші болып қызмет жасады.
2017 жылдан бастап өнер училищесінде еңбек жолын жалғастыруда. Қызметі барысында өзін кәсіби сүйемелдеуші ретінде көрсете отырып, қалалық, облыстық республикалық және халықаралық байқауларға жүлдегер дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталған.

Бедарева Наталья Петровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары біліктілікті санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
Өскемен музыкалық училещесін үздік бітірді (1986ж.). М.И. Глинка атындағы Новосибирск Мемлекеттік консерваториясы (1993ж.) тәмамдаған.
2006 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде еңбек етуде. Қызметі барысында өзін кәсіби оқытушы ретінде көрсете отырып, қалалық, облыстық республикалық және халықаралық байқауларға  сүйемелдеуші болып, жүлдегер дайындағаны үшін  Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Ұстаздық еңбек өтілі 34 жыл.

Галсанов Александр Валерьевич

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушы, сүйемелдеуші.
1989 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдады. 1989 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы.
2008-2015 жылдары «Классик джаз- квинтет» жетекшісі, халықаралық джаз байқауларының жүлдегері болды.Бірнеше жыл қатарынан облыстық Дельфий ойындарының қазылар алқасының төрағасы, сонымен қатар көптеген эстрадалық және джаз байқаулары мен фестивальдерінің қазылар алқасының мүшесі болды.Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
Қызметі барысында өзін кәсіби оқытушы ретінде көрсете отырып, қалалық, облыстық республикалық және халықаралық байқауларға сүйемелдеуші болып, жеңімпаз дайындағаны үшін  Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Галсанов А.В. «Музыкалық өнер» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері.

Курепина Регина Валерьевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушы, сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2007ж.
1991жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищесін, 1997 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін. Өз еңбек жолын 1992 жылы бастап, 2003 жылдан өнер училищесінде 1992 жылдан бері сүйемелдеуші болып, ал 2003 жылдан бастап «Міндетті фортепиано» оқытушысы. Бөлімнің оқытушыларымен бірге, тең авторлық әдістемелік құралдарын әзірлеп және баспаға дайындады «ПЦК «Жалпы фортепиано» жұмыс тәжірибесінен», «ПЦК «Жалпы фортепиано» оқытушылардың ашық сабақтары мен дәріс концерттерін әзірлеу». Еңбек өтілі 33 жыл, 29 жылын сүйемелдеуші қызмет атқаруда.
Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. Байқауларда көрсеткен кәсіби шеберлігімен қатар, жүлдегерді дайындағаны үшін  Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталған.

Арутюнян Елена Генриховна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушысы, сүйемелдеуші, психолог, педагогика магистрі.
Шығыс Қазақстан музыклық училищесі (1993ж.), ШҚМУ «Музыка және ән» мамандығы (2001ж.), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогика магистрі (2003ж.), психология бакалавры (2006ж.), «Алтай мемлекеттік мәдениет институты», «Фортепиано» мамандығы бойынша тәмәмдаған (2016ж. Барнаул). Еңбек өтілі 23 жыл.
2001 жылдан бастап өнер училищесінде сүйемелдеуші, ал 2003 жылдан бастап «Міндетті фортепиано» бөлімінде оқытушы болып қызметін атқаруда. 2010 жылдан бастап педагог-психолог, жоғары біліктілік санаты бар.  «ПЦК «Жалпы фортепиано» жұмыс тәжірибесінен», «ПЦК «Жалпы фортепиано» оқытушылардың ашық сабақтары мен дәріс концерттерін әзірлеу» екі әдістемелік жинағы жарық көрді. 40-тан астам ғылыми мақалалары республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда жарияланған. Әдістемелік жинаққа енгізілген «психология-фортепиано» пәнаралық байланыстарды қолданатын ашық сабақтар топтамасының авторы болып табылады. Жоғары кәсіби шеберлігі және ұлттық мәдениетті, халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарына ие.

Выходцева Наталья Александровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК жоғары санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
2002жылы Халық әртістері ағайынды абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжін, 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Фортепиано» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылдан бастады, еңбек өтілі 20жыл. Выходцова Н.А. шәкірттері республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр, сонымен қатар бірнеше рет қазылар алқасының құрамында болған. Республикалық және халықаралық байқауларға жоғары деңгейіндегі қатысушыларды дайындағы үшін, ұлттық мәдениетті, халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін дипломдармен марапатталды. «Жалпы фортепиано» пәні бойынша ашық сабақтар мен дәріс-концерттерді әзірлеу» әдістемелік жинағының авторлар құрамының бірі. Оқытушы педагогикалық міндетімен қатар өзінің сүйемелдеушілік білімін 2006 жылдан бастап «Хормен дирижерлеу» ПЦК аралас хорда шыңдауда.
Концерттік және кәсіптік бағдар берудегі жұмыстарын жүргізгені үшін, көптеген мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталған. Халықаралық және республикалық байқауларының жүлдегері.

Кудрявцев Вадим Николаевич

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, жоғары санатты сүйемелдеуші.
2000 жылы «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» ал, 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Сол жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде еңбек етуде. Еңбек өтілі 16 жыл. 2014 жылы М.П. Мусоргский атындағы Урал Мемлекеттік консерваториясының аспирантурасының «камералық ансамбль және сүйемелдеушілік» дайындық бөлімін тәмамдады.
Кудрявцев В.Н. фортепиано квинтетінің жетекшісі болып табылады, ол Қазақстан Республикасында да, шетелде де белсенді концерттік, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
Жоғары шеберлік көрсете отырып республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлдерін дайындағаны үшін Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Миськив Ольга Николаевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК екінші санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2014ж. (оқытушысы ҚР халық әртісі, профессор Қадырбекова Г.И. )
«Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «Фортепиано» мамандығының (2010ж.) және  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық  Консерваториясының түлегі (2014ж.). Өз еңбек жолын 2015ж. «Міндетті фортепиано» бөлімінде оқытушылық қызмет атқарудан бастады. Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері.
Республикалық «Үздік педагог - 2019» байқауының жеңімпазы. Оның жоғары кәсіби шеберлігі үшін және байқаулардың жүлдегерін дайындағы үшін училищенің әкімшілігінің алғыс хаттары, ШҚО Білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грматолары бар.

Кереибаева Айжан Камбаровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК екінші санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Қазақ Ұлттық өнер университеті, 2014ж.
Өскемен қаласындағы «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «Фортепиано» мамандығы (2010ж.).  2014 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде қызмет жасайды. Қызмет барысында өзін кәсіби оқытушы ретінде көрсете отырып, қалалық, облыстық республикалық және халықаралық байқауларға  сүйемелдеуші болып, жүлдегер дайындағаны үшін  Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған. ШҚӨУ тарапынан ұйымдастырылатын қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өтетін шараларға қатысады.

Антипина Анна Сергеевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, бірінші санатты сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2015ж.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «Фортепиано» мамандығын (2011ж.) және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын үздік дипломмен (2015ж.), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы (магистратура 2017ж.) тәмамдаған. Консерваторияда оқыған жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері атанды. Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. Ұстаздық еңбек жолын 2010 жылы бастады. 2018ж. бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде қызмет атқаруда. Қызмет барысында кәсіби сүйемелдеуші ретінде облыстық республикалық және халықаралық байқаулардың қатысып Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары мен марапатталған.

Трощева Нина Александровна

«Міндетті фортепиано» ПЦК сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2013ж.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесін үздік бітіріп (2008ж.), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (2013ж.) тәмамдаған. 2017 жылдан бастап  Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде қызмет жасайды. Қызмет барысында өзін кәсіби сүйемелдеуші ретінде көрсете отырып, әртүрлі деңгейдегі байқауларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздармен марапатталды.

Орел Надежда Сергеевна

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, сүйемелдеуші.
Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2017ж.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесін үздік бітіріп (2013ж.), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын (2017ж.) тәмамдаған. 2017 жылдан бастап,  ШҚ өнер училищесінде өзінің еңбек жолын фортепиано оқытушысы және сүйемелдеуші қызметінде бастады. Кемерево мемлекеттік мәдениет институтының магистратурасын (2020ж.) тәмамдады. Халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындағаны үшін алғыс хаттарға ие.

Искендирова Молипа Аликқызы

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, сүйемелдеуші.
2014 жылы «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі», 2018 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Фортепиано» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек  өтілі 3 жыл. «Ішекті аспаптар» сыныбының жетекшісі.
Училищенің қоғамдық-концерттік шараларына белсенді қатысады.

Жамелова Венера Женисовна

«Міндетті фортепиано» ПЦК оқытушысы, сүйемелдеуші.
2016 жылы «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі», 2020 жылы Кемеров Мемлекеттік мәдениет институтын бітірген.
2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы және сүйемелдеушісі болып еңбек етуде.

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: