Родионова Ирина Ивановна «Орыс халық аспаптары» ПЦК төрағасы, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы. Білімі жоғары – Алтай Мемлекеттік өнер және мәдениет институтын 1997 жылы тәмамдады, педагогикалық еңбек жолын 1997 жылы бастады, еңбек өтілі 26 жыл.
1997 жылы Алтай Мемлекеттік өнер және мәдениет институтын «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі оқытушы (аккордеон), ұлттық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) әртісі.
Арнайы аспап (аккордеон, баян), педагогикалық іс-тәжірибе, әдістеме, аспаптану, орындаушылық тарихы сияқты арнайы пәндер оқытушысы.
2005 жылдан 2020 жылға дейін «Орыс халық аспаптары» бөлімі студенттерінің сынып жетекшісі болды. Осы аралықта студенттермен бірлесе отырып, тәрбиелеу бағытындағы шараларға көптеген сценарийлер жазылып, сынып сағаттары, шығармашылық шаралар ұйымдастырылды.
1993 жылдан бастап орыс халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеушісі міндетін атқарып келеді. Оркестрдің сүйемелдеушісі және оқытушы ретінде оқушыларға үлгі болып, студенттердің орыс халық аспаптарына деген қызығушылығын арттырып, аспапта ойнаудың негізгі бағыттарын білуді үйретеді.
|
|
Романюк Владимир Фёдорович «Орыс халық аспаптары» ПЦК, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы. Білімі жоғары: М.И.Глинка атындағы Новосібір Мемлекеттік консерваториясының 1957 жылғы түлегі. Педагогикалық жолын 1961 жылы бастады, еңбек өтілі 59 жыл.
Арнайы пәндер оқытушысы: мамандық (аккордеон, баян), ансамбль, аспаптау, БММ репертуарын оқу. Өскемен музыкалық училищесінде оқытушы ретінде еңбек ете жүріп, әр түрлі фестивальдер мен байқаулардың жүлдегерлері атанған 100 ден аса баянисттер мен аккордеонисттерді тәрбиелеп шығарды. Владимир Федоровичтің көптеген түлектері ЖОО тәмамдап, еліміздің ғана емес алыс-жақын шетелдің қалалары мен елді мекендерінде еңбек етуде.
1980 жылдан бастап Өскемен музыкалық училищесінің директоры міндетін атқара жүріп, болашақ мамандардың дайындық деңгейін жоғарылату бағытында, оқу-тәрбие үрдісінің басшылық құрылымын түбірімен оңтайландырды.
1983 жылдан бастап музыкалық училищедегі жұмысымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік филармониясыдағы концерттік жұмысын бірге тоғыстырып «Русский сувенир» атты аспаптық ансамбльді ұйымдастырды. Көркемдік жетекшісі, өңдеушісі мен ансамбльдің жеке орындаушысы ретінде оннан аса концерттік бағдарламаларды дайындады, Қазақстанның және Алтай өлкесінің, Новосібір облысының елді-мекендерін аралап, облыстық ТВ көптеген концерттерін берді. «Русский сувенир» ансамблі Қазақстанның филармониялық ұжымдары арасындағы 2 республикалық байқаудың жүлдегері.
90 жылдардың ортасында В.Ф.Романюк филармонияның шығармашылық ұжымдары – Камералық, Үрмелі аспаптар, Қазақ халық аспаптары оркестрі мен ШҚО Әкімінің симфониялық оркестрінің құрылуына негіз болды. Аталған оркестрлерде баянға арналған өз өңдеуіндегі шығармаларды оркестрмен орындауда.
90 жылдары Шығыс Қазақстан телевизиялық студиясымен бірлесе отырып, эстрада өнерінің бұрынғы майталмандары Б.Тихонов, Б.Векслер, Е.Выставкиннің шығармашылығы туралы бірнеше телевизиялық бағдарламалар әзірледі. «LAVITEX» студиясымен бірге ансамбль құрамында және жеке орындаушы ретінде 9 компакт диск жазып шығарды.
2010 жылы YouTube ғаламтор желісінде орыс халық аспаптары бөлімінің оқытушылар мен оқушыларының шығармашылығына арналған аккаунт құрды, аталған каналда 72 музыкалық видеоклип жүктелген (YouTubeВ.Романюк).
Көптеген мадақтамалары бар, атап айтар болсақ: ШҚО Әкімінің марапаттары, Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі, облыстық филармония және кәсіподақ ұйымдарынан. Сонымен қатар, баянда ойнау өнерін дәріптегені үшін «Казахстан баян-фест» Құрмет белгісімен марапатталған. 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі атынан «Еңбек ері» Мемлекеттік наградасы табысталды.
|
|
Зубов Владимир Петрович «Орыс халық аспаптары» ПЦК жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы. Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының 1989 жылғы түлегі. 1985 жылдан бастап училищеде қызмет атқаруда.
1989 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын баян мамандығы бойынша, «Концерттік орындаушы, оқытушы» біліктілігі бойынша тәмамдады.
Арнайы аспап, ансамбльмен орындау, оркестрмен жұмыс, дирижерлеу арнайы пәндерінің оқытушысы.
Көптеген оқушыларды тәрбиелеп, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлерін дайындады: Юрченко Дмитрий (2008, 2010 жж.) – республикалық байқаулардың жүлдегері, Степанищев Андрей (2012 ж.) және Абуталипов Арман (2016ж.) республикалық байқаулардың дипломанты. 2012-2015 жылы Халықаралық байқаудың жүлдегерлері - Степанищев Андрей мен Зубов Андрейден құрылған «Два Андрея» ансамблі 1 орын (Барнаул қ., Ресей), Зубов Андрей, Серикпаев Алмас, Титов Антон құрамындағы трио – 1 орын (Барнаул қ., Ресей) иегері атанды.
Орыс халық аспаптары оркестрінің дирижері. 2017 жылы Орыс халық аспаптары оркестрі Халықаралық байқаудың иегері атанды, (3 орын, Чита қ., Ресей).
«Орыс халық аспаптары» бөлімінің түлектері еліміздің және алыс-жақын шетелдің ЖОО өз білімін жалғастырып, оқытушы, орындаушы ретінде кәсіби түрде өсуде.
Бөлім оқытушылары әдістемелік жұмыстарға, концерттік шараларға және кәсіби бағдар беру ісіне белсенді түрде араласуда.
|
|
Фоминых Алёна Андреевна «Орыс халық аспаптары» ПЦК гитара сыныбының бірінші санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Челябинск Мемлекеттік мәдениет және өнер институты, 2017 ж. Педгогикалық жолын 2011 жылы бастады, еңбек өтілі 9 жыл.
2012 жылы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесін БММ гитара сыныбы оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы Челябинск Мемлекеттік мәдениет және өнер институтын бітірді.
Арнайы аспап (гитара), ансамбльдік орындау, гитарада ойнауды оқыту әдістеме, орындаушылық тарихы бойынша арнайы пәндер оқытушысы.
Қаламыздың және облысымыздың БММ белсенді түрде кәсіби бағдар беру ісімен шұғылданады.
2018 жылдан 2020 жылға дейін ПЦК меңгерушісі болды.
|
|
Тишкина Людмила Александровна «Орыс халық аспаптары» ПЦК екінші санатты арнайы пәндер оқытушысы. Білімі жоғары: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2017 ж.
2017 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің музыкалық білім беру мамандығын, музыкалық - көркемдік жұмыстың педагог-ұйымдастырушысы оқу бағдарламасы бойынша тәмамдады. Бакалавр дәрежесі тағайындалды. Педагогикалық қызметін 2012 жылы бастады, еңбек өтілі 9 жыл.
2012 жылдан бастап «Белоусовка кентінің балалар музыка мектебі» КМҚК жұмыс істеді, 2019 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы. Арнайы аспап, қосымша аспап, сүйемелдеушілік сынып, аккомпаниаторлық тәжірибе, педагогикалық іс-тәжірибе сияқты арнайы пәндер оқытушысы.
2012 жылдан бастап орыс халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеушісі.
2020 жылдан бастап «Орыс халық аспаптары» бөлімі студенттерінің сынып жетекшісі.
|
|
Степанищев Андрей Николаевич «Орыс халық аспаптары» ПЦК сүйемелдеушісі, арнайы пәндер оқытушысы. Білімі жоғары: Челябинск Мемлекеттік мәдениет институты, 2019 ж.
Қазақ және орыс халық аспаптары оркестрлерінің, «Злато» орыс әндерінің ансамблінің сүйемелдеуші. Аккомпаниаторлық тәжірибе, педагогикалық тәжірибе, оркестрлік аспаптарды тану, туыстас аспаптарды тану сияқты арнайы пәндер оқытушысы.
Өтілі 6 жыл.
Концерттік шараларға белсене араласады.
|
|
Уәлибекұлы Алмас «Орыс халық аспаптары» ПЦК ішекті шертпелі аспаптары бойынша маманы. Дирижирлеу, ансамбль, педагогикалық іс-тәжірибе пәндерінің оқытушысы. Білімі жоғары, Алтай Мемлекеттік мәдениет институты, Барнаул қ. 2016 ж.
Педагогикалық қызметін 2016 жылдан бастады, еңбек өтілі 6 жыл 4 ай, педагогикалық өтілі 4 жыл 4 ай. Осы аралықта оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Орыс халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеушісі ретінде концерттік шараларға белсене қатысады.
|