2025 жылдың 11 ақпанында өткен «Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру» Республикалық семинар-практикум аясында ШҚ өнер училищесі мен Атырау облысының білім басқармасына қарасты МКҚК «Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл ынтымақтастық аясында жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне арналған бірлескен семинарлар, конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, пікірталас алаңдары, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу жоспарлануда. Білім беру процесінде шығармашылық жобаларды іске асырудың үздік тәжірибелері мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланатын болады.