Мамандық туралы:
Осы бағдарлама бойынша оқып жүрген студенттер кәсіби даярлығына ықпал ететін бірқатар пәндерді игереді. Өздерінің меңгерген практикалық дағдыларын дамытады және жаңа білім алады. Осылайша, студенттер келесі дағдыларды меңгереді:
- Классикалық және заманауи музыкалық шығармалардан тұратын жеке концерттіқ бағдарламаларды орындауды
- Орындаушылықтың техникалық эмоционалдық, көркемдік жағын дамытуды
- Ансамбль құрамында өз аспабының партиясын (камералық ансамбль, фортепиано ансамбль )ойнауды
- Сүйемелдеулік шеберлік дағдысын меңгеруді
- Вокалдық және аспаптық әдебиеттің күрделі емес туындыларын басқа тональдіктерге ауыстыра отырып сүйемелдеуді
- Әр түрлі күрделіктегі туындыларды парақтан еркін оқуды
- БММ бағдарламасының шығармаларының орындау міндеттерін және олардың шешу жолдарын талдауды
- Әлемдік фортепианолық өнерінің саласындағы білімдерді байыта отырып әр түрлі дәүірдегі фортепиано әдебиетін талдай білуді
- Практика секторының оқушыларымен практикалық сабақтардың жүргізудегі әдістемелік сауаттылығын үйрену
Студенттердің практикасы:
Фортепиано бөлімінде студенттер екі түрлі тәжірибеден өтеді:
- Педагогикалық - ШҚӨУ тәжірибе секторы негізінде өткізіледі. Мамандық бойынша сабақтарда практика секторының оқушыларымен студент педагог-кенесшімен бірге педагогикалық қызметті жүзеге асырады. Жұмыстың мақсаты - оқушыны емтихандық , концерттік қойылымға дайындау. Сонымен қатар, студент қажетті құжаттарды жүргізумен танысады, таңдаған тақырып бойынша ашық сабақ, әдістемелік баяндама даярлайды, сабақтан тыс іс-шараларды уйымдастыруды үйренеді.
- Сүйемелдеулік – аспаптық мамандықтар практикасының оқушыларымен сүйемелдеуші ретінде дайындық қызметін жүзеге асырып және емтихандарда, концерттерде өнер көрсетеді.
Жұмыстың қажетті түрлері: парақтан сүйемелдеуді оқу, сүйемелдеуді транспозициялау, вокалдық, аспаптық шығарманы толық тексеру, яғни үш жолда ойнау. Сондай-ақ, теориялық материал зерттеліп, кейіннен коллоквиумға шығарылады.
Мансап мүмкіндіктері:
- Білім беру(педагогикалық): балалар музыкалық мектебтерінде, өнер мектептерінде арнайы пәндерді оқытуды жүргізу.
- Орындаушылық: кәсіби және көркем өнерпаздар концерттік ұйымдарында, музыкалық ұжымдарда, үйірмелерде, студияларда концерттік қызметін атқару.
- Сүйемелдеулік: балалар музыка мектептерінде, өнер мектептерінде, студияларда сүйемелдеуші қызметін жүргізу.