040402 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі)
Мамандығы: 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 040402 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі)
Мамандандыру: «Үрмелі және соқпалы аспаптарға мамандандыру»
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай
Оқыту тілі: орыс, қазақ
Оқыту түрі: күндізгі
Мамандық туралы:
Осы бағдарлама бойынша білім алатын студенттер еңбек нарығында зор сұранысқа ие. Олар қаламыздың, облысымыздың барлық Балалар музыка мектептерінің үрмелі аспаптар пәнінің білікті оқытушылары. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орынға ие болып, жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын дәлелдеуде. Бөлім студенттері білім алумен қатар Үрмелі аспаптар және Симфониялық оркестрлердің әртістері болып табылады. Бөлімнің түлектері еліміздің және алыс-жақын шетелдердің кәсіби жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі:
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі училище негізінде ұйымдастырылады. Әр шәкіртпен екі жыл көлемінде педагогикалық тәжірибеге жауапты ұстаз белгіленеді, ұстаз студенттерді оқушымен жұмыс жасауда ескерілетін психологиялық жағдайлар мен балалармен қарым-қатынас жасауда қажетті дағдыларды үйретеді. Әр студенттің кәсіби дағдысы дамып, пысықталады.
Мансап мүмкіндіктері:
- Білім беру (педагогикалық): Балалар музыка мектептерінде, өнер мектептерінде арнайы пәндерді оқытушысы;
- БММ, мәдениет сарайлары мен филармония сынды мекемелерде көркемөнерпаздар ұйымын мен кәсіби ұжымдарды ұйымдастыру және оны басқару.
- Орындаушылық: кәсіби және көркемөнерпаздар ұйымында, музыкалық ұжымдарда, үйірмелерде, студияларда концерттік қызмет.
- Қазақстанның және алыс - жақын шетелдердің ЖОО білім алу.