Меню

4S02150102 - Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-1; (2652-4) , 2373-4

Мамандық: 02150100 - Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)
Біліктілік: 4S02150102 - Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы 0215; 2652-1; (2652-4), 2373-4
Мамандандыру: «Ішекті аспаптар»
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай (жалпы орта «толық) білімі негізінде)
Оқыту тілдері: орыс, қазақ
Оқыту түрі: іштей

Мамандық туралы:

Осы бағдарлама бойынша оқитын студенттер сұранысқа ие мамандар болып табылады. Олар қаланың, облыстың барлық музыка мектептерінің ішекті аспаптар пәнінің білікті оқытушылары. Ішекті аспаптар дайындығының айтарлықтай жоғары деңгейі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысумен расталады, онда олар жүлделі орындарға ие болады. Ішекті аспаптар бөлімінің тәрбиеленушілері симфониялық және камералық оркестрлердің әртістері болып табылады. Көптеген түлектер Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің шығармашылық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруда.

Студенттердің тәжірибесі:

Педагогикалық тәжірибе училище базасындағы Тәжірибе Мектебінде өтеді. Әрбір студентке оқушы бекітіліп, ол оған екі жыл бойы сабақ өткізеді. Мұнда оқыту негіздерін, оқушымен психологиялық тұрғыда тіл табысуды, балалармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Кәсіби дағдылар пысықталып, дамытылады.

Мансап мүмкіндіктері:

Білім беру (педагогикалық): Балалар музыка мектептерінде, өнер мектептерінде арнайы пәндерді оқытуды жүргізу.

- БММ, мәдениет сарайларында, филармонияда өнерпаздар мен кәсіби ұжымдарын ұйымдастыру және басқару.

- Орындаушылық: кәсіби және көркемөнерпаздар концерттік ұйымдарында, музыкалық ұжымдарда, үйірмелерде, студияларда концерттік қызмет.

- Қазақстанның және алыс және жақын шетелдердің ЖОО түсу мүмкіндігі.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: