Мамандық туралы:
Хормен ән айту-музыкалық шығармашылықтың ең кең таралған және қол жетімді түрлерінің бірі. Болашақ хор дирижері өз дауысын еркін меңгеруі тиіс, "хормен дирижерлеу" мамандығының студенттері түрлі орындаушылық ұжымдарда : аралас хорда, In coro, Belissimo, Allegro вокалдық ансамбльдерде ән айтады, түрлі сахналық алаңдарда белсенді өнер көрсетеді. Бұл бағдарлама бойынша білім алушы студенттер заман талаптарына сай вокал және хор жұмыстарын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қабілетті музыкант –орындаушыға қажетті білім мен дағдыларды игереді.
Студенттердің практикасы:
Оқу үрдісінмен практиканы үйлестіру –студенттерді оқытудың маңызды мақсаттарының бірі. Іс-тәжірибеден өтуші студент балалар мен музыка арасын жалғастырушы, оның міндеттеріне студенттердің музыкамен көркемдік, шығармашылық қарым-қатынасын ұйымдастыру мүмкіндігі кіреді. "Хормен дирижерлеу" мамандығының студенттері педагогикалық практиканы да, хор практикасын да жүзеге асырады. Педагогикалық практиканың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде музыка сабақтарын, сыныптан тыс музыкалық іс-шараларды өткізуге студенттердің практикалық дайындығын қалыптастыру. Педагогикалық практика Өскемен қаласының № 16, № 19,№ 10 жалпы орта білім беретін мектептер базасында 3 және 4 курстарда өткізіледі. Хор практикасы студенттерге алған хормейстерлік білімдерін, дағдыларын балалар хорымен жұмыс істеудің нақты жағдайларында қолдануға мүмкіндік береді. Камертон хор тәжірибесінің негізі-үш жас хор тобынан тұрады: үлкен топ, орта топ, кіші топ.
Мансап мүмкіндіктері:
- Әр түрлі сахналық алаңдарда хормейстер, хор және ансамбль әртісі
- Музыкалық педагогика балалардың музыка мектептерінде, басқа да қосымша білім беру мекемелерінде (өнер мектептері, студиялар, шығармашылық үйлері).
- Концерттер мен басқа да сахналық қойылымдарды ұйымдастыру және орындау
- Кәсіби қызмет объектілері: шығармашылық ұжымдар; балалар музыка мектептері, басқа да қосымша білім беру мекемелері, жалпы білім беру мекемелері, концерттік ұйымдар; мәдениет, өнер, білім беру жүйесінің мекемелері мен ұйымдары болып табылады.