Меню

Оқытушының қызметтік әдеп кодексі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші училищенің кадрлық қызметі болып табылады.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:

         1) қоғамдың қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;

         2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:

         1) заңдылық;

         2) ашықтық;

         3) әдептілік;

         4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

         5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдар үшін ұсынымдарды айқындайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер жатады:

         1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;

         2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;

         3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау;

         4) тиісті тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне қарай өзге де қоғамдық маңызы бар қарым-қатынастарға қолданылмайды.

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) стандаттары (ұсынымдары)
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;

3) жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық пен әдептілік таныту;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

6) жеке басының мәселесін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

7) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

8) заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтар мен өзге де теріс қылықтар жасауға жол бермеу;

9) еңбек заңнамасы мен азаматтық қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге, еңбек тәртібі мен шарттардың сақталуын, сондай-ақ азаматтық қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Мемлекеттік қызметтер және басқа да рұқсат беру қызметтерін көрсету кезінде:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;

2) қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және расталған ақпарат ұсыну;

3) көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сол сияқты мемлекеттік қызметтер мен өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету барысында қағазбастылықтан (төрешілдіктен) барынша аулақ болу;

4) сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасауға итермелеу кезінде басшылыққа баяндау;

5) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;

3) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне енгізілген әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.

  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлықтар алуға итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына баяндау;

2) жеке басының мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

3) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар жасамау және мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар пайда алу үшін лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;

5) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болған туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа баяндау;

6) атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлау;

7) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;

8) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту.

  1. Қызметкерлерді/жұмыскерлерді таңдау және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынады:

1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау;

2) ұйымға қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;

3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) азаматтық қызметшілердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

5) қызметке/жұмысқа үміткерлерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) жұмыскерлерге қатысты қызметтік тергеп-тексерулерді объективті және жан-жақты жүргізу.

  1. Тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

1) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;

2) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ мадақтау және жазалау шараларын қолдану кезінде шындық пен әділдік таныту;

4) бағынышты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдың ар-намысына тиюіне, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;

5) заңнамаға қайшы келетін нақты орындалмайтын өкімдер бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

8) әріптестердің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті қызметтік мақсаттарда ұтымды, тиімді пайдалануға міндетті.

ШҚӨУ директоры
А.О. Дюсупова

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: