Меню

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Осы этика кодексі (бұдан әрі-Кодекс) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес Халықаралық Еңбек Ұйымының, Жарғының және басқа да ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген және ұйым қызметкерлерін басшылыққа алатын принцптер мен ережелер жиынтығын білдіреді.
  2. Осы Кодекстің мақсаты - Ұйымда корпоративті мәдениетті дамыту және мінез-құлықтың озық тәжірибесін қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара әрекеттесуді қалыптастыру.
  3. Ұйым лауазымды тұлғалармен және қызметкерлермен, басқа да мүдделі тұлғалармен қарым-қатынас кезінде стратегиялық маңызды және Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кездесетін күнделікті жағдайларда шешімдер қабылдау үшін осы Кодекстің талаптарын қабылдайды және ұстанады.
  4. Осы Кодексте келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

Этика – лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өз қызметінде басшылыққа алатын этикалық қағидалары мен іскерлік мінез-құлық нормаларының жиынтығы;

Мүдделі тұлға –Заңнамада және Жарғыда көзделген құқықтарды жүзеге асыратын тұлға;

Мүдделер қақтығысы – қызметкердің немесе лауазымды тұлғаның жеке мүдделері оның қызметтік міндеттерін бейтарап орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

Қызметкер – бұл еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын тұлға.

1-ТАРАУ. ЭТИКА ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1.1. Негізгі корпоративтік құндылықтар:

  • Меритократия: әр адамның қосқан үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділеттілік пен объективтілік.
  • Құрмет: топтың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
  • Адалдық: өз серіктестеріне адал болу.
  • Ашықтық: байланыстар мен серіктестерге ашықтық.
  • Топтық рух: бірлескен қызметтен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық.
  • Сенім: өзара көмек және сенім мәдениетін ұстану.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1.2. Ұйымның қызметі этикалық талаптар мен мінез-құлық ережелерін сақтауға негізделген ұйым мен барлық мүдделі тұлғалардың қарым-қатынасына негізделген. Өзара міндеттемелерді сақтау – сындарлы жұмыстың міндетті шарты болып табылады.

2-ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

2.1 Ұйымның  лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері

2.1.1. Ұйым өзіне келесі міндеттемелерді алады:

  • адам құқықтарының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;
  • оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастары өзара тиімді болуын қамтамасыз етуге тырысады;
  • қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларына сәйкес өз бетінше білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылатын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тең жағдайлар жасайды;
  • нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, жас, саяси және басқа да белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермейді; кадрларды іріктеу және жоғарылату тек біліктілік талаптарына сәйкес, кәсіби қабілеттерін, білімі мен дағдыларын ескере отырып жүзеге асырылады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, сонымен қатар қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
  • заңнамамен және Ұйымның ішкі құжаттарымен белгіленген шекте құпия ақпараттың жария етілмеуін қамтамасыз етеді;
  • жанжалдар туындаған жағдайда лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер арасында ашық және сенімді сұхбат үшін жағдай жасайды, еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу /болдырмау жөнінде алдын алу шараларын қабылдайды, медиация рәсімдерін қолданады;
  • іске асырылуы оң нәтиже беретін қызметкерлердің бастамашыл идеялары мен ұсыныстарын бағалайды және қолдайды;
  • барлығына бірдей мүмкіндіктерді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, заңды негізден басқа, жекелеген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге жол берілмейді;
  • осы процестің кез келген сатысында, лауазымды тұлғадан шешім қабылдайтын кез-келген қызметкерге дейін мүдделер қақтығысынсыз шешімдер қабылдау үшін жауапты болады;

2.3. Мемлекеттік органдар

2.3.1 Ұйымның мемлекеттік органдармен өзара әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға, осы Кодексте және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес, тараптардың тәуелсіздігі негізінде, мемлекеттік органдар тарапынан да, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер тарапынан да сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алу қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады.

3-ТАРАУ. ҰЙЫМНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

    3.1. Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері міндетті:

  • мемлекеттік рәміздерге - Мемлекеттік Туға, Елтаңбаға, Мемлекеттік Әнұранға құрметпен қарауға;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
  • әріптестеріне қолдау мен көмек көрсетуге;
  • көмек көрсеткені үшін, тіпті егер ол толық көрсетілмесе де әрдайым ауызша алғыс айтуға;

3.2.Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері келесі міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады:

  • Осы Кодексте белгіленген этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін мұқият зерделеу, түсіну және адал ұстану;
  • өзінің лауазымдық қызметтері мен міндеттерін адал, кәсіби, тиімді және бейтарап орындау;
  • мәртебесі мен лауазымына қарамастан өзіне алған міндеттемелер үшін жауапты болу;
  • этика мен мінез-құлық қағидаларын бұзу мәселелері бойынша тергеу жүргізу кезінде жәрдем көрсету;
  • басқа жеке және заңды тұлғаларға олардың ар-намысы мен абыройына әсер ететін, ар-намысын, қадір-қасиетін және беделін қорғау жөніндегі сот талқылауына оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер арқылы тікелей немесе жанама түрде сипаттама бермеу;
  • ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқару шешімдерін қабылдау;
  • Кодекс талаптарын ұстанудың жеке үлгісін көрсету;
  • бағынысты адамдар арасында ұжымдық рухты қалыптастыруға, ұжымды Ұйымның ортақ миссиясы, құндылықтары мен қағидаттарымен біріктірілген топты нығайтуға уақыт бөлу;
  • бағыныстыларға кеңес беру және үйрету;
  • шешім қабылдау кезінде ашықтық және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алу қажет;
  • , құпиялылық нормаларын бұзбай және Ұйымның шешімдері мен актілерін, ішкі құжаттарын ескере отырып шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • Ұйым қызметкерлері этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін сақтамауға алаңдаушылық білдіретін мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Этика талаптары мен мінез-құлық ережелерін ұстанудың жеке мысалын кеңейту;
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарды сақтау;
  • мүлікке ұқыпты қарау;
  • жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы хабарлау;
  • еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеу;
  • өз құзыреті шегінде Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;
  • өз қызметінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтауды қамтамасыз ету;
  • Ұйымда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатаң түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету;
  • қамқоршылық кеңеспен бірлесіп, білім алушылардың ата-аналары ұжымы, қоғам алдында, оның ішінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражатты, сондай-ақ Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жұмсау жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу;
  • қызметтік құпияны жарияламау, сондай-ақ қызметтік ақпараттың жария етілмеуі үшін шаралар қабылдау;
  • жұмыс берушімен қызметтік іссапарлар, жоғары органдарға өтініштер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар туралы жазбаша түрде келісу.

4-ТАРАУ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1. Корпоративтік мәдениет

4.1.1. Ұйымның қызметкерлері этика кодексінің талаптарын сақтай отырып, басқа әріптестермен этика қағидаттары, қабылданған іскерлік мінез-құлық ережелері саласындағы білімдерімен бөлісе отырып, этика талаптарын сақтай отырып және бұзушылықтардың алдын ала отырып,  Ұйымдағы корпоративтік мәдениеттің дамуына үлес қосу керек.

4.1.2. Ұйым қызметкерлері корпоративтік рухты қалыптастырып, Кодекс талаптарының сақталуын келесі тәсілдермен қолдауы тиіс

  • қол астындағы адамдармен жеке түсіндірме кездесулер;
  • жеке мысал, яғни өз мінез-құлқын қызметкерлерге үлгі ретінде пайдалану;
  • талаптарды сақтау – жұмыс орнындағы тиімділіктің міндетті факторы екенін жалпыға бірдей түсінуді қамтамасыз ету.

4.1.3. Ұйым қызметкерлері өздерінің қызметттік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстануға тиіс.

4.1.4. Ұйым қызметкерлері келіссөздер кезінде дұрыс және құрметпен сөйлесуі керек.

4.1.5. Ұйымның барлық қызметкерлері корпоративтік ойын-сауық немесе спорттық шараларға қатыса алады. Сондай-ақ қызметкерлер арасында корпоративтік рухтты арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстарды өздері енгізе алады.

4.1.6. Ұйым қызметкерлері құжат айналымы жөніндегі ұйымның ережелерін сақтауға және барлық қажетті құжаттаманы тәртіппен сақтауға міндетті. Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс орындарын ұқыпты және жинақы ұстауы керек.

4.2. Жұртшылықпен байланыс

4.1.1. Ұйым қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста жоғары этикалық стандардың сақталуын бақылайды. Ұйым басшы қызметкерлердің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің ақпараттық-жарнамалық материалдарында немесе жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқа да іс-шараларда жалған ақпарат таратуға, фактілерді жасыруға және/немесе бұрмалауға жол бермейді.

4.2.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде, жария сөз сөйлеу, ұйымның оқиғаларына түсініктеме беру немесе ұйым атынан қандай да бір мәлімдеме жасау құқығы тек осы жария мәлімдемелерді жұмыс берушімен келісу кезінде ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне ғана беріледі.

4.2.3. Ұйым атынан сөз сөйлеген кезде қызметкерлер жалпыға ортақ қабылданған кәсіби мінез-құлық пен этика нормаларын сақтауға, тек сенімді ақпаратты таратуға, сондай-ақ әлеуметтік, нәсілдік және ұлттық араздықты тудыратын ақпараттың таралуына жол бермеуге міндетті.

4.2.3. Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жалпы ұйымның қызметі мен қызметтік әрекетке қатысты өз пікірін көпшілік алдында ашық білдірмеуі керек, егер ол:

  • Ұйым қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
  • Ұйымның қызметтік ақпаратын ашатын болса;
  • Ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты әдепсіз мәлімдемелерден тұрса.

4.3. Бақылау шаралары

4.3.1. Ұйым қызметкерлері Кодекстің талаптарын қатаң сақтауға және талаптардың бұзылғаны туралы хабарлауға міндетті.

4.3.2. Ұйымның қызметкерлері стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін этиканың негізгі құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауап береді.

4.3.3. Ұйымның тиісті қызметкерлері өз құзыретіне сәйкес этика талаптарын бұзумен байланысты мәселелерге (этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті адамдар) жауап беруге міндетті:

  • жағдайды түзету және кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен тиімді тәртіптік шараларды қабылдау/ ұсыну;
  • қажетті мәліметтерді ұсына отырып, тиісті құрылымдық бөлімшелермен олармен консультация өткізу.

Бұл әрекеттер ішкі тәртіпке сәйкес рәсімделуі керек.

4.3.4. Ұйым қызметкерлерді көтермелейді және оны жетілдіру бойынша кез-келген сындарлы ұсыныстарға оң көзқараспен қарайды.

4.3.5. Кодекстің талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелерге, сондай-ақ Кодекстің талаптарын бұзушылық фактілері, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер туралы Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сонымен қатар мүдделі тұлғалар хабарласуға құқылы:

  • тікелей басшыға, этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілге;
  • Ұйым қызметкерлерінің бекітілген этикалық талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайда, шешім қабылдау үшін материалдар кадр қызметінің қарауына жіберіледі.

5-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МЕН ЭТИКА УӘКІЛІНІҢ ИНСТИТУТЫ

5.1. Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің құқықтары мен міндеттері

  • Этика жөніндегі уәкілді Ұйым басшысы 2 жылда 1 рет тағайындайды.
  • Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары Кодекс ережелерін сақтамау туралы ақпарат жинау, кодекс ережелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға кеңес беру, Кодекс ережелерін бұзу туралы дауларды қарауға бастамашылық ету және оған қатысу болып табылады.

5.2. Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл құқылы:

  • келіп түскен өтініштер негізінде де, сондай-ақ өз бастамасы бойынша да Кодекстің бұзушылықтарын анықтау бойынша рәсімдер жүргізуге бастамашылық жасауға;
  • Кодексті сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға жеке жүгінуге;
  • қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Кодекстің ережелерін түсіндіруге және түсініктеме беруге.

5.3. Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл міндетті:

  • кодексті бұзу мәселелері бойынша дауларды қарау рәсімдерін жүргізу кезеңінде, осындай істерді қарауға бастамашылық ету себебінен оларды мәжбүрлеп жұмыстан шығару жағдайлары туындаған кезде, қызметкерлерді қорғауды (еңбек заңнамасында белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз ету;
  • Кодекстің сақталмауына қатысты мәселелерді қарауға қатысу;
  • Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалардың өтініштерінің есебін жүргізу;
  • 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйым қызметкерлеріне олар өтініш берген жағдайда Кодекс ережелеріне түсініктеме беру;
  • Кодексті сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарастыруда тәуелсіздік пен бейтараптықты сақтау;
  • Кодекстің ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның (анонимді қалуға тілек білдірген жағдайда) жасырын болуын қамтамасыз ету.

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ

6.1. Ұйым басшылығы өзектілендіру және жетілдіру мақсатында осы Кодекстің талаптарын қайта қарайды және жетілдіреді, олардың тәжірибеде қаншалықты іске асырылатынын талдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.

6.2. Кодексті жүзеге асыруды іс жүзінде қолдану үшін қажет болатын ұсынымдар белгіленген тәртіппен қарауға ұсынылуы және бекітілуі мүмкін.

7-ТАРАУ. ЖАУАПКЕРШІЛІК

7.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, еңбек шартына, осы Кодекске, сондай-ақ жұмыс беруші айқындайтын шешімдер мен актілерге сәйкес жауапты болады.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: