Ерекше дарын иелері, қазақ өнері тарихында аттары алтын әріппен жазылған біздің жерлестеріміз ағайынды Абдуллиндердің өшпес мұрасы, жарқын дауыстары әлі талай ұрпақтың жүрегін тербетіп, талай ұрпаққа рухани азық болары анық.
2021 ж. 14 наурызда Халқымыздың мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық өнерді биікке көтеріп, елімізде бұрын-соңды болмаған тың жанр – вокалды дуэттік ән салудың негізін қалаушы Ришат пен Мүсілім Абдуллиндердің туғанына 105 жыл толды.
Өскемен қаласындағы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі Шығыс жұртының оларға деген құрметін білдіріп, жас таланттарды қанаттандырып келеді. Қазақтың ән өнерінің қарыштап дамуына зор үлес қосқан ағайынды Абдуллиндердің ізгі істері ізбасарлары мен шәкірттері арқылы жалғаса бермек!