2021 жылдың 28 желтоқсанында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде халықаралық және республикалық байқаулардың иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Қыл – қобыз» аспабының аға оқытушысы Сайжан Алмат Қарасайұлының қатысуымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Өнер училищесінің педагогикалық ұжымы мен студенттері тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен өнерін әлемге насихаттап, музыкалық өнердің дамуына сүбелі үлес қосып, ұлағатты ұлылық пен білімнің тұнығын шәкірт жүрегіне сіңіріп, дәстүрге айналған шығармашылық кездесулерде дарындылықты дамытып, шеберлік сабағын ұйымдастырып, мәдениет пен өнер саласындағы білікті мамандарды даярлауға зор көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі игілікті ісіңіз өз жемісін беріп, шәкірттеріңіз өнердің биік шыңынан көрінсін.