Меню

Педагогтері арасындағы республикалық байқау

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17-18 қараша аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі негізінде мәдениет және өнер саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы болып өтті.

Аталған байқаудың мақсаты педагогтердің мәдениет және өнер саласы бойынша шығармашылық жетістіктерін анықтау, ТжКБб ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін қолдау болып табылады. Байқауға Қазақстанның 10 облысынан 20 білім беру мекемесінен 40 арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Байқауға «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы Матабаев Естай Ерболатұлы және сүйемелдеуші ретінде Галсанов Александр Валерьевич қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Шығыс Қазақстан өнер училищесінің шығармашылық ұжымын аталған жеңістерімен құттықтаймыз!!! 

07-02-1
07-02-2
ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: