Меню

«Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру» Республикалық семинар-практикумы

2025 жылғы 11 ақпанда колледждің 70 жылдық мерейтойы аясында «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК мен «Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігі «Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру» Республикалық семинар-практикумын өткізді.

Республикалық семинар-практикумның мақсаты мен міндеті – «Халықтық көркем шығармашылық» (түрлері бойынша) және «Әлеуметтік-мәдени қызмет» (түрлері бойынша) мамандықтары оқытушыларының озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату, шығармашылық жобаларды оқу-тәрбие қызметіне біріктіру.

Іс-шараға «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бейіні бойынша Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, ШҚО балалар музыка мектебі және өнер мектебінің басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинар-практикум барысында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушылары «Әткеншектегі екеу» класс-концертін, «Әр түрлі болу өнері», «Карл Орф әдістемесі бойынша вокалдық ансамбльмен жұмыс» шеберлік сағаттарын, «Қош бол, қыс!» сюжеттік-ойын бағдарламасын, «Ғажайыптар әлеміне саяхат» шығармашылық жобасын, Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасы негізінде спектакльден үзінді көрсетті.

Семинарға қатысушылар Абдуллин атындағы мұражаймен танысып, диалог алаңына қатысты.

Семинардың қорытынды бөлімінде біздің болмысымыздың тарихын, өмір тарихын, достық тарихын сипаттайтын «Дәстүрлер-халық шығармашылығының жанды арқауы» театрландырылған концерті ұсынылды.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: