Өнер училище ұжымына ардагер ұстаздар атынан 30-шы қыркүйекте біздерге арнап арнайы концерт ұйымдастырып, артынан жалпы білім беретін ұстаздарға құттықтау-мереке дастарқан ұйымдастырған Анар Оралбекқызына, Жәмилә Серғазықызына ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Әрқашан болашақ ұрпақ тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру жолында үлкен, айтулы табысқа жетулеріңе шын жүректен тілектеспін! Өздеріңді келе жатқан төл мерекелеріңмен құттықтаймын! Бақытты болыңдар!
Тілек білдіруші: Халық ағарту ісінің озық қызметкері
Зейнеткер—Ибрагимова Ғалия Задиновна