2025 жылғы 29 қазан күні біздің училищеде «JuniorSkills Shygys 2025» өңірлік чемпионаты өтті. Қатысушылар шығармашылық көзқарасын, техникалық дағдыларын және музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін жоғары деңгейде көрсетті.
Чемпионат білім алушылардың әлеуетін ашуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және жоғары нәтижелерге ұмтылысын арттыруға мүмкіндік берді. Қазылар алқасы қатысушылардың әсерлі өнерін атап өтіп, лауреаттарды дайындаған педагогтарға ризашылығын білдірді.
Ұйымдастырушылық қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз:
@center_tipo_i_pk
@talap.edu.kz
@shygys_bilim_basqarmasy