Алматы қаласында 2024 жылдың 31 қазан – 2 қараша аралығында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
«QOBYZ AMANAT» атты ҚОБЫЗ ЖӘНЕ ТУЫСТАС АСПАПТАР ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Аталған чемпионатта «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазахстан өнер училищесі», «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің 3 курс студенттері:
Арманқызы Әмина (оқыт. Кошкинбаева М.Т.) – «Kazakhstan modern», «Folk», «Classic» номинациялары бойынша «Күміс медаль», «Cover» номинациясы бойынша «Алтын медаль»;
Керейхан Еңлік (оқыт. Нурмухамбетова М.А.) - «Classic» номинациясы бойынша «Қола медальді» иеленді!
Қобызшы, Қазақстанның Рекордтар кітабына еңген, электроқобыздың ортақ авторы, Халықаралық байқаулардың лауреаты, АҚШ-тың Голливуд қаласында әлемдік орындаушылық өнер чемпионатының алтын медальдарының иегері, қобыз және туыстас аспаптар бойынша Халықаралық чемпионаттың негізін қалаушы - Ляйля Тажибаева, Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы, республикалық байқаулардың лауреаты – Жазира Дуйсенбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР БҒМ Білім беру ісінің үздігі, Құрманғазы атындағы ҚҰК қобыз және баян кафедрасының профессоры - Шолпан Рауандина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, оқытушы, халықаралық конкурстардың лауреаты, Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты - Ерболат Ахмедьяров сынды қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды!