19 желтоқсанда Өскемен қаласындағы Технология және сервис колледжінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы: қорытынды, жетістіктер және жаңа мүмкіндіктер» атты ауқымды облыстық форум өтті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысын шығаруға арналды.
Форум өңірдегі кәсіптік білім беру жүйесінің қол жеткізген нәтижелерін талқылау, тәжірибе алмасу және дамудың жаңа бағыттарын айқындау үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шара аясында Жұмысшы мамандықтар жылының белсенді қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Облыс әкімі жұмысшы мамандықтарды дамыту мен насихаттауға үлес қосқан бірқатар білім беру ұйымдарының еңбегін атап өтіп, оларға құрмет грамоталары мен «Жылдың белсенді колледжі» статуэткаларын табыстады. Марапатталғандар қатарында қызметі облыстық деңгейде жоғары бағаланған халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі де бар.