Наурыз мерекесі қарсаңында біздің оқу орнына медициналық колледждің әріптестері келіп, «Көрісу» дәстүрін өткізді.
Бұл ежелгі дәстүр адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, амандық-саулық тілеп, бірлікті нығайтуын білдіреді. Осындай кездесулер жүрекке жылу сыйлап, ұлттық құндылықтардың маңызын арттыра түседі.
Әріптестерімізге шынайы ықыласы мен көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз!
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, денсаулық және қуаныш тілейміз.