Бүгін ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде «Алтай жұлдыздары» облыстық байқауы өтті.
Биіл қатысушылар саны айтарлықтай артып, 145 адамды құрады. Байқауға облыстың қала және ауданынан келген талантты балалар қатысты. Қатысушылар аспаптық орындаушылық, вокалдық өнер, хореография, көркемсөз және музыкалық-теориялық пәндер бойынша жақсы дайындық деңгейін көрсетті.
Байқау шығармашылық және достық атмосферада өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби өсуін және репертуардың әртүрлілігін атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының түрлі өңірлерінен: Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха, Алтай, Қатон-Қарағай және Күршім аудандарынан болды. Бұл байқаудың кең географиялық қамтылуын және қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.