2026 жылдың 31 наурыз күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің туғанына 110 жыл толуына арналған өңіраралық вокалистер байқауы басталды. Аталған маңызды мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – вокалдық өнер саласындағы талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, ағайынды Абдуллиндердің шығармашылық мұрасын дамыту және насихаттау, вокал өнеріне деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ ұлттық және жалпы мәдени музыкалық дәстүрлерді сақтау және дамыту.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі және оған 32 солист және 4 вокалдық ансамбль қатысады. Байқауға Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының музыкалық колледждер мен арнайы білім беру мекемелерінің студенттері 36 конкурсанттық өнер көрсетіледі.
Бұл байқау еліміздің жетекші техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін білдіретін жас вокалистерді біріктіреді. Қатысушылардың өнер көрсетуі арқылы еліміздің мәдениетінің байлығы мен музыкалық дәстүрлері жас ұрпаққа жеткізіліп, ұлттық өнеріміздің келешегіне оң әсер етеді.
Өңіраралық вокалистер байқауының өткізілуі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің өнеріне деген құрметті арттыруға үлкен септігін тигізетін болады.