2026 жылғы 02 сәуірде халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің туғанына 110 жыл толуына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы өңіраралық вокалистер байқауы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айтимов Марат Олжабаевич біздің училищенің студенттері мен байқау қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар вокалдық техниканы дамыту, сахналық мәдениет және шығармаларды көркем интерпретациялау бойынша құнды кәсіби ұсыныстар алды.
Студенттер мен байқау қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі педагогтан практикалық кеңестер алды. Шеберлік сабағының өтуі байқау бағдарламасының маңызды бөлігіне айналып, жас вокалистердің орындаушылық шеберлігін арттыруға ықпал етті.