2026 жылғы 20 сәуір күні Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында 47-ші Республикалық орындаушылар конкурсының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық өнердің өрісін кеңейту болды.
Конкурс Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК базасында қалыптасқан.
Кәсіби бағдар беру және өңірлердің музыкалық мәдениетін жандандыру мақсатында ұйымдастырылатын байқау келесі номинациялардан тұрады:
«Домбыра», «Қобыз-прима», «Қобыз», «Фольклорлық аспаптар», «Фольклорлық ансамбль», «Шертер, бас домра, домра», «Баян, аккордеон».
✨Барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!