Халықаралық ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясының жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру ұйымы «Шығыс Сібір мемлекеттік мәдениет институтымен» 2026 жылғы 23 сәуірде ШҚО «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК оқытушылары Ресей Федерациясының Улан-Удэ қаласында өткен «Халықтық көркем мәдениет: дәстүрлер, қазіргі заман және даму перспективалары» атты халықаралық қатысуы бар Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.