17 сәуірде 2026 ж. Педагогикалық кеңес өтті, оның барысында білім беру және ұйымдастырушылық қызметтің негізгі мәселелері қаралды.
Күн тәртібі аясында келесі баяндамалар тыңдалды:
Педагог-психолог Ермағамбетова Альмира Уатқанқызы «Қызметкерлердің және ұйымның дамуына жол ашатын қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы» тақырыбында баяндама жасап, педагогтар мен білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Методист Кереибаева А.К. ұжымды педагогтарды аттестаттау қағидаларындағы өзгерістермен таныстырып, жаңа талаптарды уақтылы түсіндіру мен сақтау қажеттілігіне назар аударды.
Училище директоры Дюсупова А.О. «Училище оқытушыларының педагогикалық этиканы сақтауы» тақырыбында баяндама жасап, білім беру үдерісіндегі кәсіби мінез-құлықтың, педагогикалық әдеп пен жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті.