Шығыс Қазақстан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік іс-шара аясында өңірдің өнері мен руханиятының дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет саласының өкілдері марапатталды.
Біздің училищеміздің оқытушылары Вячеслав Михайлович Ткач пен Турғанбаев Әділ Биляловичтің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болғанын ерекше мақтанышпен хабарлаймыз.
Вячеслав Михайлович пен Әділ Биляловичті лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, шабыт, жаңа жетістіктер және көрермендердің ыстық ықыласын тілейміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз өнерге қызмет етудің, еліміз бен училищеміздің рухани мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі болып табылады!