2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК студенттерге арналған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалисі Жұмағалиев Әсет Мерхатұлы өткізді.
Кездесу барысында қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, дропперлік және қаржы пирамидалары туралы айтылды. Студенттерге қаржылық операциялар кезінде сақ болу, банк картасының деректері мен растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ оңай әрі жылдам табыс табу туралы ұсыныстарға сын көзбен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жастардың жеке қаржысына жауапкершілікпен қарауына және құқықтық әрі қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.