14 қазанда ұстаздар күнін мерекелеу аясында халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде Косачевтардың педагогикалық әулеті өкілдерімен онлайн кездесу өтті. Фортепиано, үрмелі аспаптар бөлімінің студенттері мен 8 және 9 сынып оқушылары педагогикалық әулет өкілдерімен сұхбат өткізді:
Косачев Сергей Петрович-Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Музыкалық өнер» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының лауреаты (2001 ж), Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы (1981-2020 жж), өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 1985 - 1990 жылдар аралығында музыкалық училищенің директоры, 1997 ж. бастап 2007 жылға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2002-2013 жылдары аралығында облыс әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болды. Жалпы еңбек өтілі-47 жыл.
Косачева Мария Борисовна-1994 ж. бастап 2010 жылға дейін халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Косачева Елена Сергеевна – 1998 ж. бастап халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы.