Меню

Әкімшілік

 

 

Дюсупова Альмира Оралбековна

Өскемен қ. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы
Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК директоры

 

 

1988 жылы Кемерово мемлекеттік мәдениет институтын «Хореография» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бастады. А.О. Дюсупова ШҚ өнер училищесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы кезеңде ол қатардағы оқытушыдан бастап, пәндік-циклдік комиссияның төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008 жылы ШҚ өнер училищесінің директоры болып тағайындалды, онда білім алушыларды оқыту үш деңгейде ұйымдастырылған және өнер әлеміндегі алғашқы қадамдардан бастап кәсіби шеберлікті игеруге дейін музыканттарды, хореографтарды, режиссерлерді жүйелі түрде тәрбиелеуге бағытталған.
А.О. Дюсупова – «Әйел басқаратын үздік ұйым» облыстық байқауының жеңімпазы, ШҚО әкімінің мәдениет саласындағы сыйлығының лауреаты, өнердегі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосқан зор үлесі мен білім беру саласындағы көп жылдық адал еңбегі үшін ШҚО әкімі мен Білім басқармасының грамоталарымен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» мен «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.

 

 

 

                                                                               Миськив Ольга Николаевна

Өскемен қ. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы

Шығыс Қазақстан өнер училищесі КМҚК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

«Фортепиано» ПЦК екінші санатты оқытушысы, сүйемелдеуші.

Білімі жоғары: Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2014ж. (оқытушысы ҚР халық әртісі, профессор Қадырбекова Г.И. )

«Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің «Фортепиано» мамандығының (2010ж.) және  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық  Консерваториясының түлегі (2014ж.). Өз еңбек жолын 2015ж. «Міндетті фортепиано» бөлімінде оқытушылық қызмет атқарудан бастады. Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері.

Республикалық «Үздік педагог - 2019» байқауының жеңімпазы. Оның жоғары кәсіби шеберлігі үшін және байқаулардың жүлдегерін дайындағы үшін училищенің әкімшілігінің алғыс хаттары, ШҚО Білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің грматолары бар.

Студенттерді республикалық және халықаралық конкурстарға дайындауға арнайы пәндер педагогтарымен бірлесіп концертмейстер ретінде қатысады және әрқашан жоғары орындаушылық шеберлігі үшін грамоталармен, дипломдармен немесе алғыс хаттармен марапатталады.


 

 

Абдина Жамиля Сергазиевна

Өскемен қ. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы
Шығыс Қазақстан өнер училищесі КМҚК
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 
 
1988 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша және 2002 жылы Шығыс гуманитарлық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығын бітірді. Жоғары санатты және 35 жылдан астам еңбек өтілі бар. ШҚ өнер училищесінде 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, 2012 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ж.С. Абдина модульдік оқыту технологиясын пайдалана отырып, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша модификацияланған оқу бағдарламаларын әзірледі. Педагогтың жұмыс тәжірибесі қазақ тілі мұғалімдерінің облыстық конференциясында жинақталған. Ол қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиада қатысушыларын, облыстық Абай және Чистяков оқуларының лауреаттарын дайындады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында Ж.С. Абдина білім алушылармен үлкен педагогикалық, ағартушылық және профилактикалық жұмыстар жүргізеді. ШҚО әкімінің білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін грамоталарымен марапатталған.

 

 

Булатова Динара Булатовна

Өскемен қ. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы
Шығыс Қазақстан өнер училищесі КМҚК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

 

 

Булатова Динара Булатовна 2019 жылдан бастап директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін атқаруда. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің «Домбыра» мамандығының (2007ж.) және  Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің (2011 ж.) түлегі.  2013 жылдан бастап «Қазақ халық аспаптары» бөлімінде оқытушылық қызмет атқарып, 2016-2019жж. «Қазақ халық аспаптары» пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы болды. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын шараларға ШҚӨУ шығармашылық ұжымдарын белсенді араластыру  мақсатында 2014-2019жж.қоғамдық негізде  концерттік менеджердің міндеттерін атқарды. ШҚӨУ өтілі - 7 жыл.


 

Жексенова Арайлым Уалиолдановна

Өскемен қ. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы
Шығыс Қазақстан өнер училищесі КМҚК қосымша білім беру сатысында

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Баян және аккордеон сыныбы бойынша бірінші санатты педагог, Шығыс Қазақстан өнер колледжінің (2005-2009 жж.) және С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан университетінің (2010-2013 жж.) түлегі.
2010 ж. бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесінде жұмыс істейді. 2017-2019 жж. бөлім меңгерушісі, 2019 ж. бастап қосымша білім беру сатысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: