Кафедраның тарихы
«ҮРМЕЛІ ЖӘНЕ СОҚПАЛЫ АСПАПТАР» ПӘНДІК-ЦИКЛДІК КОМИССИЯСЫ
Үрмелі аспаптар бөлімі өз жұмысын 1956 жылдан бастады. ШҚ өнер училищесінің үрмелі аспаптар бөлімі құрылғаннан бері үнемі ерекше назарда болды, себебі училищеміздегі, қала және облысымыздағы бірде-бір салтанатты іс-шара үрмелі оркестрдің қатысуынсыз өтпеді.
Білім беру мекемесінің түлектері оқу орнын аса жоғары дайындықпен тәмамдауына орай, Өскемен музыкалық училищесі Қазақстандағы үрмелі аспаптарда білім беретін негізгі оқу орын деп танылды.
Бөлімнің құрылу тарихында - Борис Григорьевич Мухамедов (Чайковский атындағы, Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының түлегі), Серов Михаил Михайлович – труба (Литва КСР Мемлекеттік консерваториясы), Родионов Петр Васильевич – флейта (Алматы Мемлекеттік консерваториясы) сынды ұстаздар тұрды. Макшаев Валентин Георгиевич (Саратов консерваториясының түлегі) - Қазақстан Республикасының үздік трубачтарының бірі, оның ізбасарларын кәсіби білікті маман атанып бүгінде еліміздің үздік ұжымдарында, алыс - жақын шетелдерде мұғалім ісін жалғастырып, дамытуда. Курепин Валерий Александрович - керемет кларнетист және саксофонист, академиялық және джаз ойын мәнерін жетік меңгерген өз ісінің шебері. Косачев Сергей Петрович - кларнетист, үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері, өз кезеңінде үздік флейта сыныбын қалыптастырған ұстаз - Тютюньков Петр Павлович, оның түлектері бүгінгі күнде қаламыздың және облысымыздың мектептерінде, оркестрлерінде ұстаз мектебін жалғастыруда.
Біздің училищеміздің үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімі, еліміздегі сапалы білім беретін, алдыңғы қатарлы білім ордаларының ортасында зор беделге ие. Осында жоғары деңгейдегі кадрларды даярлауда, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге зор үлес қосқан кәсіби педагогакалық ұжымның еңбегі еселі.
Бүгінгі күнге бөлімде өнер училищесінен түлеп ұшып, жоғары кәсіби білім алып, өз біліктіліктерін ұстаздарының шеберлігімен толықтыра түскен жас мамандар жұмыс істеуде.