Меню

Кафедраның тарихы

ПЦК «Фортепиано»

Фортепиано ПЦК білім ордасының негізі қаланған күннен бірге жасасып келе жатқан ең алғашқы бөлімдердің бірі. Бөлім тарихында дарынды пианисттердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеу арқылы Шығыс Қазақстанның фортепианолық өнерінің дамуына айырықша үлес қосқан талантты ұстаздар еңбек еткен.

Лоренц Галина Ильинична

1946 жылы бұл есіммен Шығыс Қазақстандағы классикалық музыкалық білім беру басталған болатын. Галина Ильинична Мәскеу консерваториясын тәмамдап, бірнеше жыл сол білім беру мекемесінде қызмет етті. Белгілі әнші Иван Семенович Козловскийге сүйемелдеушілік етті.   Композитор Сергей Сергеевич Прокофьев өз шығармаларын осы талантты шығармашылық тұлғаның орындауында жиі тыңдайтын. Ол Бүкілодақтық ән және би ансамблінің негізін қалаушы Александр Александровпен шығармашылық одақта болды.

Оның шәкірттерінің қатарында -  Алматы консерваториясының доценті Вартанян М.А., Алматы консерваториясының профессоры Потешкина Н.И., музыкатанушы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектептің музыка – теориялық пәндер оқытушысы және Жания Аубакированың колледжінің оқытушысы   Петрова С.А.болды.

1958 жылы Алматы Мемлекеттік консерваториясын үздік бітірген соң Қазақ Совет Социалистік Республикасының ЖОО Министрлігінің ұйғарымымен    Матузкина Надежда Григорьевна келеді. Батыл мінезді ұстаз өз шәкіртінің бойынан өнер ұшқынын тұтатып, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына зор үлес қоса білді. Кейіннен оның шәкірттерінің көбі өз әріптестіне айналды, мәселен,   Шаповалова М.И., Богданович М.Н.,Абдеева Р.Г., Бухарева В.С., Шихова Н.И., Буров Л.П. және бүгінде Новосибирск консерваториясының профессоры Хрулькова Л.И.

Шихова Н.И.  Буров Л.
Богданович-Бенедиктова Марина Николаевна – Алматы консерваториясының түлегі, училищеде 1963 жылдан 1983 жылға дейін еңбек етті, оның шәкірттері – Арутюнян Н., Семенко Г., Гожая О., Черёмушкина Г., Ушакова О., Ходько Т., Цыкунова Н., Коростылёва Н., Жумаханова Л., Карпинский И.  Беляева Эрика Александровна – 1962 жылдан бастап сүйемелдеушілік шеберлік сыныбының оқытушысы. 1974 жылы «Арнайы фортепиано» және «Сүйемелдеушілік сынып және камералық ансамбль» секциялары құрылады. Эрика Александровнаның қалыптастырған білім беру дәстүрі негізге алынып, секция оқытушылары мен жеткешілері - Юнг Э.Э. (1978-1980), Паршакова О.В.(1980-1985 ж), Шмелёва Н.П. (1985-1995 ж), Романова Н.В.(1995-2007 ж.), Русакова О.Б.(2007-2015 ж.) тарапынан  бүгінге дейін қолданылуда. 
Абдеева Римма Галимовна – 1987 жылдан бастап училищенің оқытушысы болды. Оның шәкірттері – Тельманова Н., Кузнецова В., Березутская В., Зарубин А., Емельянова Е.,Туембаева О.

Бухарева Валентина Сергеевна – 1970 жылдан 2011 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарды. В. С. Бухарева фортепиано бөліміне он сегіз жыл жетекшілік етті.  Оның шәкірттері бүгінге дейін өнер училищесінде еңбек етуде -  Русакова О.Б., Курепина Р.В., Арутюнян Е.Г., Трощева Н.


Качалкова-Никкель Елена Петровна, Шмелёва-Никкель Наталья Петровна -  1980 жылдан 1995 жылға дейін училищеді қызмет атқарды,  Наталья Петровна «Сүйемелдеушілік сынып және камералық ансамбль» секциясына 10 жыл жетекшілік етсе, Елена Петровна арнайы пән оқытушысы болды.  Түлектері - Жученко Д., Старцева Е.,Косачёва Е. Арутюнян Наталья Николаевна – 1974 жылдан 2010 жылға дейін бөлімде оқытушылық қызмет атқарып,  Интыкбаев Е., Миськив О., Керейбаева А., Омарова Ж., Шакенова А., Тайлакова М., Закиева А.сынды шәкірттерді тәрбиеледі.

 
Паршакова Ольга Викторовна  1970 жылдан 2018 жылға дейін қызмет етіп, 1990 жылдан 2006 жылға дейін Фортепиано бөлімінің меңгерушісі болды. Оның шәкірттері Харьякова И., Юнникова Ю., Аксёнова П., Серикпаев А.халықаралық байқаулардың иегерлері атанды. Паршакова О.В. бүгінде Облыстық Новосибирск мәдениет және өнер колледжінде қызмет атқаруда.  

Фортепиано бөлімінде әр жылдары  Филелеев Б., Зарубин А., Подгорный И., Юнг Э., Басовец А., Романюк Л., Реймер Л., Аксёнова Т., Хрипченко Г., Гожая О., Семенко Г.сынды ұстаздар қызмет атқарды.

О.Гожая Юнг Э.
Хрипченко Г. Зарубин А.
Подгорный И. Аксёнова Т.
Романюк Л. Реймер Л.

Училищенің ұстаздары мен сүйемелдеушілерінің көбі бөлім түлектері. Олар өз ұстаздарының бай тәжірибесін бүгінде өз шәкірттерінің бойына сіңіруде.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: