Меню

«Хореография» ПЦК

Богатырёва Ольга Николаевна – «Хореография» ПЦК төрағасы, 1988 ж. мәдени- ағарту училищесінің, Шығыс Сібір мемлекеттік мәдениет институтының түлегі, 1994 жылдан бастап училищеде классикалық би, БҚК, педагогика, мамандандыру практикасы, өндірістік практика оқытушысы болып жұмыс істейді. Ольга Николаевна 2003 ж. бастап «ШҚО хореографтар қауымдастығы» ҚБ президенті. Жыл сайын өткізілетін «Дарындар шұғыласы» көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауларының арқасында облысымыздың хореографиялық өнерінің деңгейі тұрақты өсіп, дарынды балалардың жаңа есімдері танылуда. Ол танымал балетмейстерлерді шақыра отырып, ШҚО хореографиялық ұжымдарының жетекшілері үшін семинар-практикумдар өткізуді ұйымдастырушы, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен класс-концерттер өткізе отырып, үлкен жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Ольга Николаевнаны түрлі байқаулардың қазылар алқасының төрағалығына жиі шақырады. О.Н. Богатырева - ШҚО Әкімі сыйлығының лауреаты, сондай-ақ көптеген Құрмет грамоталары мен алғыстары бар. 
Дюсупова Альмира Оралбекқызы – ШҚӨУ директоры, 1983 ж. мәдени ағарту училищесінің, Кемерово мемлекеттік мәдениет институтының түлегі, бөлімде мамандығы бойынша практикадан сабақ береді. Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сыйлығының лауреаты, ШҚО әкімі Б. Сапарбаевтың «Жемісті еңбегі және облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» грамотасымен - 2010ж., ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен-2011ж., «Әйел басқаратын үздік ұйым» облыстық байқауының жеңімпазы дипломымен - 2012 ж., «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен - 2014ж., «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған - 2019ж. «Мәдениет саласының үздігі» №4391, «Белсенді қызметі үшін» № 3510, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», № 280 төсбелгілерінің иегері.
Альмира Оралбековна өзінің әріптестері, студенттері мен училище қызметкерлері арасында үлкен құрмет пен беделге ие.
Величко Марина Викторовна – 1988 ж. мәдени ағарту училищесінің, Шығыс Сібір мемлекеттік мәдениет институтының түлегі. 1994 ж. бастап училищеде классикалық би, БҚК, мамандандыру практикасы, өндірістік практика оқытушысы болып жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы сынып жетекші және «Жастар» ансамблінің жетекшілерінің бірі. Марина Викторовна - шығармашыл, жасампаз тұлға, бас балетмейстер және режиссердің көмекшісі ретінде үлкен бұқаралық іс-шараларға қатыса отырып, инновациялық технологияларды белсенді қолданады, облыста алғаш рет көркемдік фон әзірледі, барабаншылар тобын құрды. Марина Викторовнаны әртүрлі халықаралық, республикалық және аймақтық байқаулардың қазылар алқасының төрағалығына жиі шақырады. Оның көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттары бар, облыс және қала Әкімдерінің, сондай-ақ ШҚО білім және мәдениет басқармаларының атынан бірнеше рет грамоталармен марапатталған.
Трубачева Людмила Викторовна – Алтай мемлекеттік мәдениет институтының түлегі. Училищеде 1995 ж. бастап заманауи бал биі, психология, МРСТК, БҚК, мамандандыру практикасы, өндірістік практика пәндерінен сабақ береді. Жыл сайын заманауи хореографияны сүйетіндерге ШҚӨУ сахнасында өтетін бітіру класс-концерттерді ұсынады. 20 жыл бойы сынып жетекшісі. «My PRO» мамандықтар фестивалінің, училище, қала және ШҚО іс-шараларының белсенді қатысушысы.
Пошелюжная Елена Анатольевна – 1987 ж. Қыздар педагогикалық институтының түлегі. 20 жылдан астам уақыт бойы Усть-Таловка кентінің «Сударушка» үлгілі хореографиялық ұжымының жетекшісі болды, 2011 ж. бастап қазақ және халық – сахналық би, БҚК, мамандандыру бойынша практика бөлімінің оқытушысы. «Жастар» ансамблінің жетекшілерінің бірі бола отырып, училище, қала және ШҚО іс-шараларына белсенді қатысады

Конопьянов Бакдаулет Ахимжанович – Балетмейстер, халық-сахналық биінің оқытушысы. Кемерово мемлекеттік мәдениет университетінің түлегі. Санкт-Петербургтегі Халықаралық хореографтар қауымдастығының мүшесі. «Пируэт» үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі. «Гранд-Алем» заманауи би студиясының жетекшісі.
Бұрақанов Марат Масығұтұлы – музыкалық училищенің 1984 ж., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. 2011 ж. бастап ПЦК концертмейстері және музыкалық информатика, арнайы және қосымша аспап (баян) оқытушысы болып жұмыс істейді. 2016 жылы Алтай мемлекеттік мәдениет институтын «Концерттік және студиялық дыбыс режиссурасы» мамандығы бойынша бітірді. Аудандық, қалалық және облыстық жас музыканттар байқауларының қазылар алқасының мүшесі. Алтай өлкесінің дыбыс режиссерлері қауымдастығының мүшесі (Барнаул қ.).

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: