Меню

Кафедраның тарихы

«Міндетті фортепиано» ПЦК
«Міндетті фортепиано» курсы болашақ маманның қалыптасуына қажетті арнайы пәндер қатарына енгізілген.
Матузкина Надежда Григорьевна «Жалпы фортепиано» ПЦК ең алғашқы жетекшісі – өнер училищесінің тарихи қалыптасуына зор үлес қосқан дарынды ұстаз, музыкант.  «Жалпы фортепиано» комиссиясы арнайы фортепиано бөлімінің құрамында болды, көп жылдар бойы Надежда Григорьевна  аталған бөлімді басқарды. Жыл сайын жас өрендер арасында өнерге деген  қызығушылық артып, оқушылар қатары толыға түсті, 1967 жылы ПЦК «Арнайы фортепиано» және «Міндетті (жалпы) фортепиано» болып екіге бөлінді.
Бүгінде «Міндетті фортепиано» ПЦК құрамында 23 оқытушы мен сүйемелдеуші бар. Аталған курс жас музыканттың мәдени талғамын, этикалық және эстетикалық көзқарасын қалыптастырады.
 «Міндетті фортепиано» пәні парақтан оқу, транспондау мен аккомпанемент, ансамбльмен ойнау сияқты фортепианода ойнаудың дағдыларын дамытуды қарастырады.
Бүгінгі күнде ПЦК жұмысы училищенің оқу үрдісінің жұмыс жоспары мен кестесіне сай келесі бағыттарда ұйымдастырылуда:  
әдістемелік және ғылыми –зерттеу жұмыстары:
    • әдістемелік еңбектерді басылымдарда жариялау ;
    • ашық сабақтар өткізу;
    • біліктілікті арттыру;
музыкалық ағартушылық, сыныптан тыс жұмыстар:
    • концерт – дәрістер өткізу;
    • кәсіби бағдар беру жұмыстары;
    • орындаушылық өнер.
Оқытушылардың көпжылдық еңбегін дәріптеу мақсатында 3 әдістемелік құрал жазылды: «Из опыта работы предметно-цикловой комиссии «Общее фортепиано» (құрастырушылары - Арутюнян Е.Г, Плотникова А.Г.,КурепинаР.В., Молодова И.В., Подгорбунская Л.М., Толстова Н.В., Григорьева С.В.), «Разработки открытых уроков и лекций концертов по дисциплине «Общее фортепиано»»(құрастырушылары-  Арутюнян Е.Г., Григорьева С.В. және Плотникова А.Г., Курепина Р.В., Толстова Н.В., Ушакова О.В., Выходцева Н.А. бірлескен авторлығымен). «Хрестоматия аккомпанемента по дисциплине «Общее фортепиано» (құрастырушылар - Уланова Е.П., Пименова Н.М., Аксенова О.А., Вагина О.С.). Аталған әдістемелік еңбектер Қазақстанның және алыс-жақын шетелдің педагогакалық іс-тәжірибесінде көптеп қолданылады.
ПЦК оқытушылар құрамы педагогикалық жұмыспен қатар, концерттік және сүйемелдеушілік жұмысты қатар алып жүр. Жоғары кәсіби шеберлікпен өз ісіне шын берілген сүйемелдеушінің жұмысы оқу үрдісінде де, концерттік-орындаушылық өнерде де, кәсіби байқаулар мен шеберлік сабақтарында да және музыкалық – ағартушылық мәдени шараларда орасан зор.
«Міндетті фортепиано» ПЦК сүйемелдеушілері ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылатын республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің тұрақты қатысушылары, сүйемелдеушілердің көбі жоғары кәсіби шеберлігі үшін министрлік тарапынан алғыс хаттармен марапатталған.  
 Галсанов А. В. ШҚО Әкімінің симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Кудрявцев В. Н. – елімізде және алыс-жақын шетелде кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысып және шығармашылыққа шын берілген фортепианолық квинтеттің жетекшісі.
«Міндетті фортепиано» бөлімі тек жоғары музыкалық кәсіби шеберлікке ұмтылатын, үнемі жаңарып отыратын, өзіндік жұмыс істеу стилі қалыптасқан ПЦК. Бөлімнің қатарына қосылған жас мамандар аға буынның қалыптастырған озық дәстүрін негізге ала отырып, өз бастамаларын шығармашылыққа толы, болашақ – жас буынның бойына сіңіруде. Бүгінгі күнде оқытушылардың білім берудегі жаңа бағыты айқындалды, яғни білім беру ісіне қажетті ақпараттық коммуникативтік технологиялардың түрлерін сараптау және бағдарламалық кешендерді дайындау, оларды дәстүрлі емес шығармашылық көзқараспен белсенді түрде қолдана білу.
ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: