Мазкенова Айжан Муратбековна «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі
Оқытушы және сүйемелдеуші
Бірінші санатты оқытушы.
Жоғары білімі:
Қазақ ұлттық музыка академиясы 2008 ж.
2003 жылы Шығыс қазақстан облысының ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжін «Ән салу» мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған. Сол жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясының «Ән салу» кафедрасында білім алып, опералық әнші және оқытушы деген біліктілікті алды. 2008 жылы ОҚО опера- балет театрына арнайы шақыртумен жұмысқа қабылданып, жетекші әнші ретінде жұмыс аткарды. Жалпы жұмыс өтілі 12 жыл.
Мамандық, тіл мәдениеті, педагогикалық тәжірибе, дауысты қою пәндерінің ұстазы. Жұмыс барысында «Ән салу» бөлімінде сынып жетекшісі болды, бөлім студенттерімен көптеген музыкалық спектакльдер мен концерттік көріністерді қойған.
Мазкенова Айжан Муратбековна оқытушы бола тұрып ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" КМҚК оркестірлерінің жетекші әншісі болып табылады. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты. Репертуары қазақ, орыс, және шетел композиторларының көптеген шығармаларына бай.
|
|
Ткач Вячеслав Михайлович «Ән салу» бөлімінің оқытушысы.
Жоғары санатты оқытушы.
Білім беру ісінің құрметті қызметкері
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» ордені иегері
Өскемен қаласының құрметті азаматы
Жоғары білімі:
Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консеваториясы 1989 ж.
1978 жылы Петропавл музыкалық училищесін бітірген. 1984-1989 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консеваториясында білім алған. Педагогикалық жұмысын 1989 жылы бастаған, еңбек өтілі 30 жылдан астам.
Көптеген оқушылары шетелдің консерваторияларында және ҚР жоғарғы оқу орындарында оқуда. Қызмет еткен жылдары халықаралық және республикалық байқау, олимпиадалардың бірнеше мәрте лауреаттарын тәрбиеледі. Байқаулардың төрағасы және әділқазы мүшесі.
Вячеслав Михайлович оқытушы бола тұрып ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" КМҚК оркестірлерінің жетекші әншісі болып табылады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Репертуары қазақ, орыс, және шетел композиторларының көптеген шығармаларынан тұрады.
|
|
Камзина Еркеш Толеухановна «Ән салу» бөлімінің оқытушысы.
Жоғары санатты оқытушы.
Жоғары білімі:
Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консеваториясы 1986 ж.
Өскемен музыкалық училищесінің “Ән салу” бөлімінің түлегі (1977-1981). Алматы қаласының Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консеваториясын 1981-1986 жыл аралағында білім алып, тәмамдаған. Педагогикалық еңбек өтілі 33 жыл.
"Ән салу" бөлімінің жоғары санатты оқытушысы. Қызмет еткен жылдары халықаралық және республикалық байқау, олимпиадалардың бірнеше мәрте лауреаттарын тәрбиеледі. Түлектері аудандық музыка мектептерінде, мәдениет үйлері мен басқа да оқу орындарында жемісті еңбек етуде.
|
|
Нургалиева Алгиза Шакаримовна "Ән салу" бөлімінің оқытушысы
Жоғарғы санатты оқытушы.
Жоғары білімі:
Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы 1986 ж.
1977-1981жылдары Өскемен музыкалық училищесінің “Ән салу” бөлімінің түлегі. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын үздік оқып тәмәмдаған. Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл, оның ішінде 28 жыл ән бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс атқарды.
Ән салу бөлімінің жетекші оқытушысы, көптеген республикалық байқаулардың жеңімпаздарын, жоғарғы білікті мамандарды тәрбиелеген. Түлектері аудандық музыка мектептерінде, мәдениет үйлері мен басқа да оқу орындарында жемісті еңбек етуде.
|
|
ТУРГАНБАЕВ АДИЛ БИЛЯЛОВИЧ «Домбырамен халық әндерін орындау» пәнінің ұстазы.
Жоғары санатты оқытушы.
Мәдениет саласының үздігі
«Ерең еңбегі үшін» төсбелгі иегері
Жоғары білімі:
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы 1999ж.
1995 жылы Семей облысы, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесін «Домбыра және халық әні» мамандығы бойынша оқуды тәмамдады. Сол жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының «Халық әні» кафедрасына оқуға қабылданып, 1999 жылы ойдағыдай бітіріп, «әнші, оқытушы, домбырашы» деген біліктілікті алды. Ұстаздық жұмыс атқарған өтілі 17 жыл, жалпы жұмыс өтілі 37 жыл.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде 2004-2006 жылдар аралығында ұстаздық етті. Сонымен қатар, 2004 жылдан бастап Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде «дәстүрлі ән» классы бойынша ұстаздық етуде. Шәкірттері түрлі республикалық байқаулардың лауреаты және дипломанты. Сонымен қатар, шәкірттері республикамыздың өнер ошақтарында және білім саласында қызметтерін атқарып жатыр.
|
|
Жумабекова Ботагоз Нурлановна "Ән салу" бөлімінің оқытушысы
Жоғары білімі:
Қазақ Ұлттық өнер университеті 2020 ж.
Халық әртістер ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің, «Ән салу» бөлімінің 2015 жылғы түлегі , 2020 жылы Қазақ Ұлттық өнер университетің, «Вокалдық өнер» мамандығын бітірген.
2020 жылдан бастап Халық әртістер ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің «Ән салу» бөлімінің оқытушысы. «Дауыс қою», «Академиялық ән салу әдістемесі», «Вокалдық өнер тарихы», «Актер шеберлігі, сахнаға дайындық» пәндерінің ұстазы.
Республикалық байқаулардың лауреаты. Сонымен қатар ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" КМҚК солистi.
|