Меню

Кафедраның тарихы

ПЦК «Орыс халық аспаптары»
«Орыс халық аспаптары» бөлімінің негізі Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде 1955 жылы қаланды. 
65 жыл көлемінде бөлім «Аспаптық орындаушылық және эстардалық музыка өнері» мамандығы бойынша 500 ден аса шәкірт дайындап шығарды.  
Бөлімнің педагогакалық ұжымы жоғары білікті, шығармашылыққа толы және аса белсенді қазақстандық және ресейлік ЖОО түлектері. 
Орыс халық аспаптар бөлімін ең алғашқылардың бірі болып басқарған Мәскеу қаласындағы Гнесин атындағы музыка-педагогикалық институттың түлегі Подольский Александр Филиппович болды. 1959 жылы жас мамандардың қатары Щиновтар отбасы  - Тамара Ивановна – домра сыныбының оқытушысы және Свердловск консерваториясын тәмамдаған балалайка сыныбының оқытушысы Щинов Виктор Павловичпен толықты. 1959 жылы жұмысқа баян сыныбының оқытушысы Шелпаков Герман Евгеньевич шақыртылды.
Шульгин Григорий Владимирович – баян сыныбының оқытушысы. Оның оқушысы Смакова Зауре музыкалық училищелер арасында өткен 1 Республикалық жас орындаушылар байқауының жүлдегері атанды. Кейін Алматы консерваториясын және Ленинград консерваториясындағы аспирантураны тәмамдады.  Осы аралықтағы түлектерден Плотников Г. Ф., Литвинов В., Шаповалов В.және т.б. атап өтуге болады.  
1959 жылы баян сыныбының оқытушысы  ретінде Белоглазов Анатолий Васильевич еңбек ете бастады. Оның шәкірттері: Романюк В.Ф. (Новосибир консерваториясы), Базанов Г.Ф. (Алматы консерваториясы).
1963 жылдан 1980 жылға дейін бөлім меңгерушісі ретінде Заводчиков Владимир Тимофеевич болды. Оның шәкірттерінің арасында: Борис Игнатьев – Халықаралық «Балтика кубогі» байқауының жүлдегері, Сергей Ларионов  дуэт ретінде В.Гайдуковпен бірге – Бүкілодақтық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, Анатолий Феденев –орыс халық аспаптары оркестріне музыка жазатын композитор (Кемеров қаласында жұмыс істейді), Вячеслав Аксенов. 1982 жылдан 2019 жылға дейін колледжде қызмет атқарды. Владимир Шеин - Новосібір Мемлекеттік консерваториясын, аспирантураны Ленинградтағы оқытушы Говорушко  оқыды. Бүгінде Барнаул музыкалық училищесінде қызмет атқарады. 1965 жылдан 1997 жылға дейін музыка училищесінде керемет оқытушы, дирижер Тимошенко Александр Леонтьевич қызмет етті. Ол дирижерлік және аккордеон, баян пәндерінен дәріс оқып, орыс халық аспаптары оркестріне (1965 – 1971ж., 1994 – 1997 ж), баянисттер оркестріне жетекшілік етті. Александр Леонтьевичтің оқушылары: Карих Виктор –«Емелюшка» балалар ансамблінің жетекшісі – Мәскеу қаласындағы халықаралық фестивалінің жүлдегері, Коновалов А. ( Новосібір Мем.консерваториясын тәмамдады), Пархариди К. (Алматы Мем.консерваториясының түлегі).
1968 жылдан бастап  баян, аккордеон сыныбының оқытушысы ретінде  Романюк Владимир Федорович  қызмет ете бастайды. Жоғары білімді, М.И.Глинка атындағы Новосібір Мемлекеттік консерваториясының 1957 жылғы түлегі. Владимир Федоровичтің шәкірттері: С. Толоконников, И. Борисов, В. Зубов, О. Левинцева – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын, А. Шейкин Орал Мемлекеттік  консерваториясын, Воловик И. – Фрунзе ат. өнер институтын, В. Максименко, Г. Самылкин, Е. Росина, О. Поперечная, Ю.Колесников, А.Сингер, Н.Гаврилова, Е. Иваненко – Алтай өнер институтын- орындаушылық факультетін тәмамдады. О.Попов Мәскеу мәдениет институтын, А. Серебрянников – Алматы қаласындағы эстардалық музыка академиясын, А. Зубов – Санкт-Петербург Мемлекеттік мәдениет институтын бітірді.
Владимир Фёдоровичтің шәкірттері бірнеше мәрте республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанды: Н.Бриль, О. Левинцева, С.Мацкевич, З.Дюсупова, А.Ростовский, А.Зубов, А.Фаизова, К.Немкова, С.Худяков.
70 жылдары бөлімде музыка училищесін тәмамдаған түлектер де еңбек етті, атап айтар болсақ: Г.В.Николаев, Ю.Я.Паньшин, И.В.Григорьев, В.Н.Шаповалов, А.С.Москвин, олар жалпы баян дирижерлеу, аспаптау, оркестр партияларын оқу және сүйемелдеу деген сияқты пәндерден сабақ берді.
Бөлімнің 1965 жылғы түлегі Базанов Григорий Федорович  Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдағаннан кейін 1975 жылдан 1985 жылға  дейін мамандық пәні, дирижирлеу, ансамбль пәндерінен сабақ берді. 
Яговкина Тамара Владимировна 1971 жылдан бастап домра және балалайка сыныбының оқытушысы болып, мамандық, ансамбль, дирижирлеу, қосымша аспап пәндерінен сабақ беріп, 1972 жылдан 1987 жылға дейін сынып жетекші қызметін атқарып, орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі міндетін атқарды.          Оның шәкірттерінің арасында республикалық байқаулардың дипломанттары болы: Баяндинова Гульмира (домра), Ашанов Аслан (домра), дуэт Маслюк А. және Серебрянников А., «Балагуры» орыс халық аспаптары ансамблі. Тамара Владимировнаның көптеген шәкірттері өз білімдерін ЖОО жалғастырды:  Миллер И. Я., Киреева Г, Баяндинова Г., Фарвазова А,; Лосинский Ю.; Конбаева А., Ашанов А., Порядин А.; Могилева Е., Липатникова Т., Федорова С., Марте Е., Егорова Е., Вагнер Ю; Маслюк А. және т.б.
1973 жылы Тамара Владимировнаға гитары сыныбынан сабақ беру ұсынылды, ең алғашқы шәкірті - Кононов Геннадий Иванович болды. Кейін ол музыка училищесін аяқтаған соң Өскемен қаласындағы Орталық музыка мектебінде ұстаз болып, қосымша училищеде гитара сыныбында сабақ берді.
1977 жылы орыс халық аспаптары бөлімінде өз педагогикалық қызметін Савкин Владимир Николаевич (1976 жылы Новосібір Мемлекеттік консерваториясының баян сыныбының оқытушысы Д.Г. Ермаковтың  шәкірті) бастады. Ол баян және ансамбль пәндерінен сабақ беріп, 1980 жылдан 1985 жылға дейін ПЦК төрағасы міндетін атқарды. Оның шәкірттері -  Ларионов С. пен Лебедев С.
Халық аспаптары бөлімінің ең алғашқы түлектерінің бірі Павлов Анатолий Александрович болды. 1980г ж. – Өскемен музыкалық училищесінің баян сыныбының оқытушысы. 1981 – 1990 жылдар мен 1995 – 1997 жылдарда халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1999 – 2005 жылдары ПЦК төрағасы  лауазымында болды.  Түлектері: Габдуллина Эльвира, Квакухин Александр, Заматевская Наталья, Шалыгин Сергей. 2008 жылы Анатолий Александрович зейнеткерлікке шықты.
1997 жылдан бастап баян сыныбының оқытушысы Стеблецова Валентина Петровна  педагогикалық іс-тәжірибе пәнінен сабақ бере бастады.
1980 жылдан 1987 жылға дейін  Сумароков Иван Александрович баян сыныбының және Өскемен музыкалық училищесінің орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі міндетін атқарды. 4987 жылы оркестр республикалық байқауда 1 орынға ие болды. Оның шәкірттері  Черепанов А. –  VIII Республикалық байқаудың және Халық аспаптарында орындаушылардың IV Бүкілодақтық байқауының жүлдегері атанды.
1994 жылға дейін домра сыныбының оқытушысы Миллер Иван Яковлевич қызмет етті. Оның оқушысы Лапошко Д. - Республикалық жас орындаушылар байқауының жүлдегері.
Бөлімде 1982 жылдан 2019 жылға дейін баян, аккордеон сыныбының оқытушысы Аксёнов Вячеслав Константинович еңбек етті.  Оның студенттері: Колмагоров И., Мергалиев Д., Хасенова Ш., Канагатов С., Паркесова С., Левина С., Родионова, И., Ахматова.
Бөлімнің тарихында домра және гитара сыныбының оқытушысы Алпыспаева Гульмира Маулеткановнаның еңбегі зор болды.  2007 жылдан 2018 жылға дейін ШҚӨУ еңбек етіп, ол алты ішекті гитара сыныбының ашылуына мұрындық болды. 2009 жылдан 2018 жылға дейін бөлім меңгерушісі міндетін атқарды. Оның шәкірттері - Карикпаев С. Н.А. Лапченков атындағы арнайы жүлде иегері, «Прииртышские напевы» VIII Халықаралық орыс өнері фестивалінің жүлдегері, Бондаренко Д. – «Шабыт -2010» XIII Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің жүлдегері (Астана қ.).
Бүгінгі күнде орыс халық аспаптары бөлімінде қызмет ететін мамандар: Зубов Владимир Петрович – баян сыныбының оқытушысы. ­­Өскемен музыкалық училищесінде 1985 жылдан бастап еңбек етеді.  1988 жылдан 1997 жылға дейін бөлім меңгерушісі болса, 1997 жылдан бері орыс халық аспаптары оркестрінің жетекшісі.  Орыс халық аспаптары бөлімінің меігерушісі міндетін 2009 жылға дейін атқарды. Оның шәкірттері – Малофеев О. – Республикалық байқау (1990 ж.), Улыбина А. - Барнаул қаласындағы Халықаралық байқау  (2007 ж.), Степанищев А., Зубов А. - Халықаралық «От Рождества к Рождеству» фестиваль-байқауының «ансамбльдік орындау» номинациясы бойынша жүлдегері (Барнаул қ).
Родионова Ирина Ивановна – аккордеон сыныбының оқытушысы, 2020 жылдан бастап ПЦК төрағасы лауазымына тағайындалды. 1993 жылдан бастап – Өскемен музыкалық училищесінің орыс халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеушісі. 1997ж. – арнайы пәндер оқытушысы. Оның бейінді сыныптардағы шәкірттері ШҚӨУ және ЖОО білімдерін жалғастыруда.   Фаизова А., Степанищев А. - ЧМӨИ, Чеканцева Е. (Шнитке ат. МММИ), Янкин З. – ШҚӨУ.
Степанищев Андрей Николаевич – баян сыныбының оқытушысы, сүйемелдеуші. Білімі: ЩҚӨУ (2014 ж., оқытушысы Зубова В.П.), Челябинск ММИ  (2019ж.). Училищені бітіргеннен кейін қазақ және орыс халық аспаптары оркестрлеріне, «Злато» орыс әндерінің ансамбліне сүйемелдеуші ретінде жұмысқа қабылданды.
Фоминых Алёна Андреевна –гитара сыныбының оқытушысы. Білімі: ШҚӨУ, Челябинск ММИ.  2012 жылдан сүйемелдеуші, 2014 жылдан бастап гитара сыныбының оқытушысы, 2018 жылдан 2020 жылға дейін ПЦК меңгерушісі.
Уәлибекұлы Алмас –домра және гитара сыныбының оқытушысы. Білімі: ШҚӨУ (Алпыспаева Г.М. сыныбы), Алтай Мемлекеттік мәдениет институты, Барнаул қ. 2016 ж. 2018 жылдан бастап дирижирлеу, ансамбль, педагогикалық іс-тәжірибе пәндерінің оқытушысы.
Тишкина Людмила Александровна – аккордеон сыныбының оқытушысы. Білімі: ШҚӨУ (Аксёнов В. К. сыныбы), С.Аманжолов ат.ШҚМУ. 2012 жылдан бастап орыс халық аспаптары оркестрінде сүйемелдеуші,  2019 жылдан бастап  қосымша аспап, аккомпаниаторлық және педагогикалық іс – тәжірибе пәндерінің оқытушысы.
«Орыс халық аспаптары» бөлімінің құрылғанынан бері оқытушылар мен студенттердің  бірнеше буыны ауысты. Бөлімнің студенттері барлық концерттік шараларға белсене атсалысып, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындады иеленіп жүр. Училищенің шығармашылық өміріне белсене араласады.
ШҚ өнер училищесінің «Орыс халық аспаптары» бөлімінен түлеп ұшқан түлек, еліміздің және алыс-жақын шетелдің ЖОО өз білімін жалғастыра алады.
Біздің бөлімнің ұстаздары әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп жүрген шәкірттерімен мақтанады.
ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: