Меню

«Эстрадалық вокал»

«Эстрадалық вокал» бөлімі 2001 жылы №2 музыка мектебінің негізінде ашылды. Бөлімнің жетекшісі мен бірінші мұғалімі Маслакова Любовь Ивановна болды. Оқушылардың алғашқы құрамы 15 баладан тұрды. 2005 жылдан бастап оның ізбасары – Ткач Инна Александровна. Қазіргі уақытта бөлімде 6 педагог қызмет етеді. (Ткач И.А. – бөлім меңгерушісі, Панкратьева А.М., Степанова Л.М., Кадырова Н.А., Ким А.К., Байбусынова А.Ж.,Красненко С.М.-дыбыс операторы).

Ткач Инна Александровна- жоғары санатты эстрадалық вокал педагогы. Білімі: Петропавл музыка училищесі (1984ж), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ (2004ж). Ол осы мекемеде 14 жыл жұмыс істейді.
Панкратьева Алла Михайловна - жоғары санатты эстрадалық вокал педагогы. Білімі: Өскемен музыкалық колледжі (1974ж), Өскемен педагогикалық институты (1982ж). Осы мекемеде 12 жыл жұмыс істеп келеді. «Ерен еңбегі үшін» марапатталды.
Кадырова Нурзада Абылкасымовна – эстрадалық вокал сыныбының бірінші санатты педагогы. Душанбе қаласындағы Турмын-Зад атындағы Тәжікстан мекмлекеттік өнер институтын «жеке ән айту» мамандығы бойынша бітірген (1994 ж). Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде 2013 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Степанова Людмила Михайловна - жоғары санатты эстрадалық вокал педагогы. Білімі: Алма-Ата музыкалық училищесі (1986ж), Қырғыз мемлекеттік музыкалық училищесі , «фортепиано» мамандығы бойынша(1992ж), АлтГАКИ (2010ж). Училищеде 28 жыл жұмыс істейді.
Ким Асем Казизовна – эстрадалық вокал сыныбының педагогы. Білімі: Шығыс Қазақстан өнер училищесі (2010ж), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ (2020ж). Ол осы мекемеде 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.
Байбусынова Арника Жұматқызы – эстрадалық вокал педагогы. Шығыс Қазақстан өнер училищесінің түлегі (2019ж), жоғары білімін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жалғастырып жатыр.

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: