Меню

«Фортепиано»

Төменгі қатарда сол жағынан- Снегирева М.А., Землянская Л.Н., Глушкова Т.В., Антипина Г.Х. (фортепиано бөлімі меңгерушісі), Молчанова Т.А., Литвинова С.А., Паславская О.Е.
Фортепиано бөлімінің негізі қаланған кезде бұрынғы кеңес классикалық мектебінің кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздары жұмыс істеді. Бөлімнің алғашқы кезектегі әрі маңызды міндеті шәкірттерді әлемдік музыка мәдениетінің тамаша дәстүрлеріне тәрбиелеу болды. Ұстаздардың жоғары орындаушылық деңгейі жеке қойылымдарда да, оқушылармен бірлесе отырып та ауқымды концертмейстерлік қызметті құруға мүмкіндік берді.
Жоғары қатарда сол жақтан - Григорьева Т.В., Бакирова С.В., Двоеглазова С.О., Евстифеева М.И., Бажигалиева Е.Х., Юрлова Т.Р., Курилина О.И., Пикунова Т.В., Каранова И.А.

Антипина Галина Хамитовна

Фортепиано бөлімінің меңгерушісі, арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы, жоғары санатты концертмейстер. Білімі- Өскемен музыка училищесі (1988ж.), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (2007ж.)
Жалпы жұмыс өтілі 32 жыл, осы оқу орнындағы жұмыс өтілі 16 жыл. 100-ден астам түлек бітіріп шықты, олардың көпшілігімузыкалық білімін жалғастырып, аудан, қала, республика және Ресейдегі балалар музыка мектептерінде мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар оқушылары конкурстарға белсенді қатысып, жас орындаушылар арасында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары атанды.

Сайфулина Гульнара Абдрахимовна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы, жоғары санатты концертмейстер. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1985ж.), Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы (1992ж.). Жалпы жұмыс өтілі 35 жыл, осы оқу орнындағы жұмыс өтілі 12 жыл. Ансамбль құрамында Қазақстан мен Ресейде тұрақты түрде өткізілетін халықаралық педагогикалық шеберлік конкурстарына жиі қатысады. Сондай-ақ, оның оқушылары жас орындаушылар арасында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары атанды. Бірқатар түлектер ТжКБ-да оқуын жалғастыруда.

Паславская Оксана Евгеньевна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі:
Өскемен музыка училищесі(1982ж.), Өскемен педагогикалық
Институты (1988ж.), Алтай өнер және мәдениет академиясы (2008ж.).
Осы оқу орнындағы жұмыс өтілі 40 жыл. 2004 жыл мен 2016 жылдар аралығында фортепиано бөлімі меңгерушісі болып жұмыс істеді. Көптеген студенттері оқуын жалғастырып, мамандық бойынша жұмыс істеуде немесе
музыкалық білімнің жоғары деңгейлерінде оқуда. Оның шәкірттері үнемі түрлі байқауларға қатысып, лауреат атанып жүр.

Молчанова Татьяна Александровна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1967ж). Жұмыс өтілі 56 жыл, осы оқу орнындағы жұмыс өтілі 29 жыл. Музыка училищесінде концертмейстер болып 12 жыл жұмыс істеді. 1996 жылдан 2006 жылға дейін фортепиано бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жұмыс істеген жылдары 100-ден астам түлекті баптап, оларға музыкалық білім берді және бұл түлектер мамандық бойынша тек қала мен облыс қана емес, республика мен Ресейдің музыкалық мектептерінде жұмыс істейді. Оның оқушылары үнемі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Бакирова Светлана Валентиновна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі жоғары- Өскемен музыкалық училищесі(1978ж.), Өскемен педагогикалық институты (1983ж.). Жұмыс өтілі 43 жыл, осы оқу орнындағы жұмыс өтілі 33 жыл. Жұмыс істеген жылдар аралығында 100-ден астам түлекті қанаттандырып ұшырды, олардың көпшілігі музыкалық білім алып, Алматы және Нұрсұлтан қалаларында мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Оның оқушылары үнемі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, лауреат атануда.

Снегирева Марианна Александровна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі жоғары: Өскемен музыка училищесі (1981ж.), Өскемен педагогикалық институты (1988ж.). Жұмыс өтілі 39 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 32 жыл. Жұмыс істеген жылдары түлектері жоғары сатыдағы музыкалық білім алып, мамандығы бойынша жұмыс атқаруда. Оның оқушылары үнемі түрлі байқауларға қатысып, лауреат атанды.

Глушкова Татьяна Валерьевна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1984ж.), Өскемен педагогикалық институты (1990ж.). Жалпы жұмыс өтілі 36 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 11 жыл. Сыныбындағы оқушылар әр түрлі деңгейдегі байқауларға үнемі қатысады, әрі жоғары нәтижелер көрсетуде.

Юрлова Татьяна Романовна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі(1982ж.), Өскемен педагогикалық институты(1979ж.). Аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 41 жыл. Жұмыс істеген жылдары 100-ден астам түлек бітіріп, мамандығы бойынша білімін жалғастырды. Сынып оқушылары үнемі облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары атанып жүр.

Каранова Ирина Анатольевна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі(1988ж.), Ақмола педагогикалық институты(1993ж.). Жұмыс өтілі 34 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 32 жыл. Оның оқушылары мамандығы бойынша оқуын облыстың, республиканың және Ресейдің музыкалық білім беру саласындағы жоғары буынында жалғастыруда. Көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттарын тәрбиеледі.

Евстифеева Маргарита Ивановна

Арнайы фортепиано сыныбының I санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1990ж.), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 1994ж. - "Музыка" кафедрасы, 2008ж. - "Психология"кафедрасы. Жұмыс өтілі 33 жыл, аталған ұйымдағы жұмы өтілі 28 жыл. "Жаңа педагогикалық идеялар", "Шығармашыл ұстаз" (Астана, 2016ж.,2017ж.) атты педагогтардың республикалық әдістемелік конкурстарының лауреаты болды, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиеледі.

Бажигалиева Ермек Хасеиновна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1987ж.), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ. "Психология" кафедрасы (2007ж.). Жұмыс өтілі 33 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 6 жыл. Оның шәкірттері оқуын жалғастырып, мамандығы бойынша жұмыс істейді. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттарын көптеп тәрбиелеуде.

Литвинова Светлана Александровна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы, Жоғары санатты концертмейстер. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1992ж.), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ. (1997ж.), Алтай өнер және мәдениет академиясы (2008ж.). Аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 28 жыл, оның ішінде 2003 жыл мен 2019 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Жыл сайын өтетін "Жас музыкант" облыстық кәсіби байқауының ұйымдастырушысы және білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Концертмейстер ретінде облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға үнемі қатысып, тұрақты түрде жақсы нәтижелер көрсетіп отырады.

Землянская Лариса Николаевна

Арнайы фортепиано сыныбының жоғары санатты оқытушысы, Жоғары санатты концертмейстер. Білімі: Өскемен музыка училищесі(1976ж.), Өскемен педагогикалық институты (1986ж.). Жалпы жұмыс өтілі 40 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 34 жыл. Лариса Николаевна-мектебіміздің, фортепиано бөлімінің ардагері, үлкен педагогикалық тәжірибесі бар оқытушы. 2006 жылдан 2016 жылға дейін фортепиано бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Оқытушының ерекшелігі - "Мұғалімдер әлемі" халықаралық білім беру порталындағы әдістемелік материалдардың, мақалалардың түрлі жарияланымдарына сауатты әрі шеберлікпен қарау болып табылады. Республикалық және халықаралық деңгейдегі педагогикалық байқаулардың лауреаты. Облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындағаны үшін дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Григорьева Татьяна Викторовна

Арнайы фортепиано сыныбының II санатты оқытушысы. Білімі: Өскемен музыка училищесі(1984ж.). Жалпы жұмыс өтілі 36 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 28 жыл. Жұмыс істеген жылдары Татьяна Викторовна 100-ден астам түлекті тәрбиелеп шығарды.

Курилина Ольга Ивановна

Арнайы фортепиано сыныбының бірінші санатты оқытушысы, концертмейстер. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1992ж.), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (1997ж.). Жалпы жұмыс өтілі 28 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 6 жыл. Жеткен жетістіктері мен конкурс лауреаттарын кәсіби даярлағаны үшін алғыс хаттары, грамоталары мен сертификаттары бар.

Дурново Олег Игоревич

Жоғары санатты концертмейстер. Білімі: Өскемен музыка училищесі (1962ж.). Жалпы жұмыс өтілі 52 жыл, аталған ұйымдағы жұмыс өтілі 28 жыл. Олег Игоревич - мектептің жетекші концертмейстерлерінің бірі және фортепиано бөлімінің ардагері. Кәсіби жетістіктері мен конкурстардың лауреаттарын кәсіби дайындағаны үшін облыстық білім бөлімінің, білім департаментінің, Қаз ССР ағарту министрлігінің грамоталарымен марапатталған.

Пикунова Татьяна Викторовна

Татьяна Викторовна - арнайы фортепиано сыныбының жас оқытушысы, концертмейстер. Еңбек өтілі - 2 жыл. Білімі: Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі (2018ж.), Кемерево мемлекеттік мәдениет институты (студент). Жауапты және тәртіпті оқытушы.

Двоеглазова Светлана Олеговна

Арнайы фортепиано сыныбының оқытушысы, концертмейстер. Білімі: Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі (2010ж.). Еңбек өтілі 4 жыл. Түрлі деңгейдегі конкурстардың лауреаттарын тәрбиелеп, алғыс хаттармен марапатталды.

Иванова Евгения Михайловна- арнайы фортепиано сыныбының жас оқытушысы, концертмейстер. Білімі: Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі (2019ж.).

 

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: