Куценко Лариса Сергеевна Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің музыка-теория пәндері бөлімінің ұстазы және меңгерушісі, «сольфеджио» тәжірибесінің оқытушысы, "Музыка теориясы" пәндік циклдік комиссиясы.
Өскемендегі музыкалық училищесінің түлегі. 2008 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін музыкалық білім бакалавры бойынша бітірген. Сольфеджио және музыкалық әдебиеттен сабақ береді, жас педагогтардың тәлімгері.Педагогикалық қызметте классикалық түрді қолдана отырып, сонымен қатар жаңашыл тәсілдерді үйлестіріп тұрады. "Субдоминант" музыка-теориялық пәндер бойынша облыстық байқауды ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Педагогикалық еңбек өтілі 39 жыл. Аталған мекемеде 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.
|
|
Шарабарина Ирина Николаевна Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің қосымша білім беру деңгейі бойынша музыка-теориясынан педагог.
1982 жылы Өскемен музыкалық училищесін "Музыка теориясы" мамандығы бойынша бітірді. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "музыка" мамандығы бойынша 1991 жылы бітірді.
Ирина Николаевна 1983 жылы балалар музыка мектебі ашылған кезден бастап жұмыс атқарады. Қазақ және әлемдік музыка әдебиеті пәндері бойынша бейнетүсірілімнің алғашқы авторларының бірі. Музыкатану дарынына ие бола отырып, белсенді концерттік-дәрістік қызмет жүргізді.
|
|
Радчук Ольга Владимировна Өскемен музыкалық училищесінің түлегі, ал бүгінгі күні теориялық бөлімнің дәстүрін жалғастыратын жоғары санатты педагог. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыста авторлық әдістемелерді қолданады.
2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін музыкалық білім бакалавры атанды.
2007 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. С. Аманжолова мамандығы бойынша Музыкалық білім бакалавры. Семинарларға, конференцияларға, мастер-класстарға қатысып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады. Осы оқу орнында 2005 жылдан бері жұмыс атқарады.
|
|
Ақанаева Махтина Айдынқызы 2019 жылы халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ "Теория-музыкасы" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сол жылдан бері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚӨУ музыкалық теория пәндері бөлімінің маманы болып жұмыс атқарады. Сольфеджио пәні мен музыка әдебиетің мемлекеттік тілде оқытады. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, өзінің кәсіби деңгейін арттыруда. Ақанаева Махтина Айдынқызы мектеп өміріне белсенді қатысады, кәсіптік бағдар беру қызметімен айналысады. |
|
Колодкина Анастасия Викторовна 2020 жылы халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесін "Музыка-теориясы" мамандғы бойынша жақсы бағамен тәмәмдаған. 2020 жылдан бастап ШҚӨУ "Музыка-теориясы" пәні бойынша ұстазы атанды. |