2025 жылдың 20 қыркүйегі күні Қызылорда облысының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына ресми сапармен келді. Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаев бастаған делегация құрамында ресми өкілдермен бірге үлкен өнер ұжымы да болды. Сыр өңірінің өнерпаздары ұсынған “Сұлу Сырдан - шырайлы Шығысқа” атты гала - концерті жоғары деңгейде өтті. Сапар аясында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан Өнер училищесінің директоры Дюсупова Альмира Оралбекқызы әріптесі, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледж директоры, Қызылорда облыстық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) Мүсілім Балтабайұлы Әмземен кездесуі өтті. Жылшырайлы өткен кездесу барысында оқу орындарының білім беру саласындағы жаңашылдықтары жайында кеңінен әңгіме өрбіді. Өз кезегінде Альмира Оралбекқызы қонағымызға училищенің 70 жылдығына арнап шығарылған арнайы кітапты тарту етсе, М.Б.Әмзе де құр алақан келмей, қонақкәдесі ретінде өзінің авторлық кітабын сыйға тартты. Басқосу соңында қонақ Шығыс Қазақстан Өнер училищесінің ұжымын білім ордасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.
20 сентября 2025 года делегация Кызылординской области прибыла с официальным визитом в Восточно-Казахстанскую область. В состав делегации во главе с акимом Кызылординской области Н.М. Налибаевым вместе с официальными представителями прибыл большой творческий коллектив. Гала-концерт под названием «Сұлу Сырдан – шырайлы Шығысқа», представленный артистами региона Сырдарьи, прошёл на высоком уровне.
В рамках визита состоялась встреча директора Восточно-Казахстанского училища искусств имени народных артистов братьев Абдуллиных Альмиры Оралбековны Дюсуповой с коллегой – директором Кызылординского высшего музыкального колледжа имени Казангапа, художественным руководителем и главным дирижёром Кызылординского областного симфонического оркестра, заслуженным деятелем Казахстана, кавалером ордена «Құрмет», ассоциированным профессором, доктором философии (PhD) Муслимом Балтабаевичем Амзе.
В ходе приветсвенной встречи состоялся разговор об инновациях в сфере образования. В знак уважения Альмира Оралбековна вручила гостю книгу-фотоальбом изданную к 70-летнему юбилею училища, а М.Б. Амзе в свою очередь подарил училищу свою авторскую книгу и поздравил коллектив Восточно-Казахстанского училища искусств с 70-летним юбилеем с пожеланиями дальнейших творческих успехов.