«САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
4 қарашада училищемізде халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-педагогикалық конференция өтті.
Конференцияға Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар, Қызылорда, Орал, Рудный, Серебрянск қалалары мен Қасым Қайсенов кентінен 83 қатысушы жиналды.
Педагогтер офлайн және онлайн форматта төрт бағыт бойынша тәжірибе алмасты:
▪ қазақстанның көрнекті музыканттарының шығармашылық және педагогикалық мұрасы;
▪ оқыту әдістемесі, зерттеулер және педагогикалық инновациялар;
▪ музыкалық білім берудегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект;
▪ кәсіби даярлық — кәсіптік бағдар беруден жұмысқа орналасуға дейін.
Бағдарламаға 71 баяндама енгізілді. Музыкалық дәстүрлерді сақтау, орындаушылық шеберлікті дамыту және болашақ мамандарды оқытудың заманауи тәсілдері басты назарда болды.
Қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреміз!