9-сынып негізінде 3 жыл және 10 ай оқиды.
Болашақ режиссерлар жалпы кәсіптік дайындық аясында сценарийлік шеберлікті, сахна тілін, актёр шеберлігінің негіздерін, драматургия мен театр тарихын, сахналық қозғалыс пен пластиканы, технологиялық іс-тәжірибені оқып-үйренеді. Бұқаралық сахналандырылған көріністер режиссурасы, әрине, жетекші пән болып табылады.
Режиссура бөлімінің студенттері бейінді пәндер қатарында әлеуметтік-ойын-сауық іс-әрекеті, бұқаралық ойындар, педагогика, психология, грим, дауыстың вокалдық қойылымы, хореография негіздері пәндерін оқиды, музыкалық аспаптарда ойнап үйренеді.
Оқу курсы өндірістік іс-тәжірибемен аяқталады, оны студенттер қала мен облыстың жетекші мәдени-ойын-сауық мекемелерінде өткізеді.
«Режиссура» бөлімінің студенттері училищені аяқтағаннан кейін, өз күшімен әрекет ететін театр ұжымдарында режиссер, жетекші, ойын-сауық ұйымдастырушысы, аниматор, Мәдениет Сарайларында және клубтарда, басыбайлы клубтарда, мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі агентстволарда жүргізуші болып жұмыс істей алады немесе Қазақстанның жоғары мәдениет және өнер оқу орындарында оқуларын жалғастыра алады.
4-курста студенттер практиканы әр түрлі орындардан өтеді. Олар:мектептер,мәдениет үйлері,оқушылар шығармашылық сарайы,театр және т.б.
Практика 3 айға созылады. Осы уақыт аралығында студент өздігінен іс-шаралар өткізіп, училище қабырғасында алған білімін көрсетеді. Айта кетсек: театр ұжымдарымен жұмыс істейді,барлық іс-шараларға қатысады,сценарийші және режиссёр рөлін атқарады.