Меню

4S02150901 - Театр ұжымын ұйымдастырушы, оқытушы 0215; 2334-0-027

Мамандығы: 02150900 Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша)
Біліктілік: 4S02150901 - Театр ұжымын ұйымдастырушы, оқытушы 0215; 2334-0-027
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай
Оқу тілі: орысша, қазақша
Күндізгі оқыту түрі
Мамандануы: «Режиссура»

9-сынып негізінде 3 жыл және 10 ай оқиды.

Болашақ режиссерлар жалпы кәсіптік дайындық аясында сценарийлік шеберлікті, сахна тілін, актёр шеберлігінің негіздерін, драматургия мен театр тарихын, сахналық қозғалыс пен пластиканы, технологиялық іс-тәжірибені оқып-үйренеді. Бұқаралық сахналандырылған көріністер режиссурасы, әрине, жетекші пән болып табылады.

Режиссура бөлімінің студенттері бейінді пәндер қатарында әлеуметтік-ойын-сауық іс-әрекеті, бұқаралық ойындар, педагогика, психология, грим, дауыстың вокалдық қойылымы, хореография негіздері пәндерін оқиды, музыкалық аспаптарда ойнап үйренеді.

Оқу курсы өндірістік іс-тәжірибемен аяқталады, оны студенттер қала мен облыстың жетекші мәдени-ойын-сауық мекемелерінде өткізеді.

«Режиссура» бөлімінің студенттері училищені аяқтағаннан кейін, өз күшімен әрекет ететін театр ұжымдарында режиссер, жетекші, ойын-сауық ұйымдастырушысы, аниматор, Мәдениет Сарайларында және клубтарда,  басыбайлы клубтарда, мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі агентстволарда жүргізуші болып жұмыс істей алады немесе Қазақстанның жоғары мәдениет және өнер оқу орындарында оқуларын жалғастыра алады.

Студент практикасы:

4-курста студенттер практиканы әр түрлі орындардан өтеді. Олар:мектептер,мәдениет үйлері,оқушылар шығармашылық сарайы,театр және т.б.

Практика 3 айға созылады. Осы уақыт аралығында студент өздігінен іс-шаралар өткізіп, училище қабырғасында алған білімін көрсетеді. Айта кетсек: театр ұжымдарымен жұмыс істейді,барлық іс-шараларға қатысады,сценарийші және режиссёр рөлін атқарады.

ШҚО Білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК
Әрленім және құрастыру
SemStar
Әлеуметтік желілер: