Мамандық туралы:
Осы бағдарлама бойынша оқитын студенттер оқу нәтижесінде:
- мәдениет мекемелерінің жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды.;
- істер номенклатурасын жүргізу және оның орындалуы мен қолданылуын бақылау, қызметтік және жеке құжаттаманы жасау және ресімдеу;
- мәдениет мекемелерінде Менеджмент және маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, заманауи техникалық құралдарды қолдану;
- жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру;
- балалар ұжымы қатысушыларының шығармашылық музыкалық қабілеттерін дамыту және олардың өнер көрсетулерін ұйымдастыру;
- жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалар ұжымымен ұйымдастыру-шығармашылық жұмыстарын жүргізу;
- халықтың мәдени сұраныстарына жауап бере отырып, балалардың шығармашылық вокал ұжымын (академиялық, халықтық, эстрадалық) басқару;
- балалардың музыкалық шығармашылығын насихаттау;
- әр түрлі жұмыс түрлері мен әдістерін қолдана отырып, мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу;
- мәдени-демалыс бағдарламалары мен спорттық-бұқаралық іс-шаралардың сценарийлерін құрастыру ;
- халық арасында өнерді насихаттау, эстетикалық және көркемдік талғамға тәрбиелеу;
- Мәдени іс-шаралардың безендірілуін және мәдениет мекемелерінің фирмалық стилін жобалау.
Студенттердің тәжірибесі:
Кәсіптік тәжірибенің қамтитыны:
кәсіби және көркемөнерпаздар хорын және балалар ұжымдарының шығармашылық қызметімен танысу; ұжымдардың жұмысын талдау; репертуар принциптерін таңдау; оқу тобында хор орындауының шағын ұйымдастырылуы бойынша практикалық сабақтар өткізу; музыкалық шығарманың кезең-кезеңімен жұмыс істеу; орындалған жұмыстың шығармашылық көрсетілімдері; әртүрлі жастағы балалар үшін музыкалық іс-шараларының сценарийлерін жасау; әртүрлі жастағы ұжымдағыларға музыкалық сабақтар өткізу.
Кәсіптік дипломалды тәжірибе: жұмыстың әртүрлі формаларын, құралдары мен әдістерін қолдана отырып мәдени-бос уақытты ұйымдастыру және өткізу; мәдениет мекемелерінің жұмысын жоспарлау, есепке алу мен есеп беру; балалар шығармашылық ұжымдарының шығармашылық қызметімен таныстыру; балалар шығармашылық тобын ұйымдастыру; ұжыммен және жеке әншілермен жұмыс істеу үшін репертуар таңдау; оқу жұмыстары бойынша сабақтар өткізу; қатысушылармен жеке жұмыс; топтағы оқу-тәрбие жұмысы; концерттік қойылымдарды ұйымдастыру.
Мансап мүмкіндіктері:
- білім беру (педагогикалық): оқу процесін әлеуметтік-педагогикалық және оқу-әдістемелік жүзеге асыру;
- әлеуметтік-мәдени сала және балаларға қосымша білім беру мекемелерінде білім беру-тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық-орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
- мекеменің және әлеуметтік-мәдени саланың бос уақытын қалыптастыру (біріктіру) қызметінің және дамуының тиімділігін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- орындаушылар ұжымының жұмысын бақылауды жүзеге асыру. Орындаушылық:
-кәсіби және көркемөнерпаздар концерттік ұйымдарының, музыкалық ұжымдардың, үйірмелердің, студиялардың жетекшісі ретіндегі концерттік қызмет.
Болашақ жұмыс орындары: Мәдениет, білім беру және тәрбие мекемелері: мәдениет үйлері, мектептер, өнер және білім беру үйлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, халық театрлары, шығармашылық орталықтар, мәдениет және демалыс саябақтары, спектакльдерге арналған қойылым алаңдары. Балалардың шығармашылық ұжымдары (халықтық, эстрадалық, академиялық). Мәдени - демалыс орталықтары мен халықтар достығы үйлері жанындағы көркемөнерпаздар ұжымдары.