040403 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптары оркестрінің әртісі (жетекшісі)
Мамандығы: 0404000 – «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (түрлері бойынша)
Біліктілігі: 040403 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптары оркестрінің әртісі (жетекшісі)
Мамандандыру: «Орыс халық аспаптары»
Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай
Оқыту тілі: мелекеттік, орыс
Оқыту түрі: күндізгі
Мамандық туралы:
«Орыс халық аспаптары» бөлімі бірнеше мамандық бойынша студенттерді дайындайды, олар - баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара.
«Орыс халық аспаптары» бөлімін тәмамдаған студенттерге «балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптары оркестрінің әртісі (жетекшісі)» біліктілігі тағайындалады.
Аталған бағдарлама бойынша білім алатын студенттер жалпы білім беру пәндерімен қатар, кешенді түрде жалпы кәсіби пәндер бойынша білім алып, нәтижесінде өз мамандықтарының маңыздылығы мен өмір бойы білімі мен дағдыларын үнемі жаңарта отырып, алған білімін кәсібінде оңтайлы пайдаланып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауды, өз кәсіби саласында туындайтын мәселелерді өз еркімен шеше білуді, кәсіби сөздік қорын оңтайлы қолдануды, кәсіби қызметінде шет тілі пәнінен алған білімін кәсіби салада пайдалана білуді, кәсіби қызметін жетілдіру мақсатында компьютерлік технологияны пайдалана білетін болады.
Кәсіби және арнайы пәндерді тереңдете оқыту болашақ музыкант – орындаушылардың әлемдік және отандық музыкалық өнер тарихының дамуы туралы түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларға теориялық және орындаушылық сараптама жасап, ғылыми – зерттеушілік жұмыстардың негізін танып, музыкалық шығармаларды жіктеуге, ауызша және жазбаша жазу мәдениетін қалыптастырады, кәсіби терминологияны орынды қолдануды үйретеді.
«Орыс халық аспаптары» бөлімінің түлектері концерттік аудитория жағдайында дәріс-концерт жүргізу дағдыларына ие болып, негізгі теориялық білімдерін классикалық және Қазақстанның заманауи өнерін дәріптеу бойынша мәдени – ағарту саласында оңталы пайдаланады.
ШҚ өнер училищесінің «Орыс халық аспаптары» бөлімінен түлеп ұшқан түлек, еліміздің және алыс-жақын шетелдің ЖОО өз білімін жалғастыра алады.
Аталған мамандық бойынша білім алған түлектер келесі кәсіби бағыттарда еңбек етуде: балалар музыка мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, жалпы білім беру мекемелерінде музыкалық педагогика, музыкалық орындаушылық.
Кәсіби орта білімді маманның еңбек ету мекемелері: балалармузыка мектебі, жалпы білім беретін арнайы мектептер, шығармашылық ұйымдар, концерттік мекемелер, радио және кино ұйымдары, халық аспаптары оркестрі, фольклорлық ансамбльдер.
Студенттердің іс-тәжірибесі:
«Орыс халық аспаптары» бөлімінің студенттері педагогикалық іс-тәжірибені Шығыс Қазақстан өнер училищесінің негізінде құрылған іс-тәжірибе мектебінде өтеді. Аталған пән 3-4 курс студенттерінің барлығына міндетті.
Іс-тәжірибе мектебінде жоғары білікті мамандар еңбек етуде. Іс-тәжірибе мектебі жағдайға мейлінше ыңғайластырылған. Мектеп білім беруге қажетті құрал жабдықпен жабдықталған, арнайы кабинеттер, фонотека, кітапхана. Әр бөлімнің өзіндік емтихан сыныптары бар. Әр кабинет сабаққа қажетті құрал жабдықпен, оқу – әдістемелік әдебиеттермен, көрнекілік құралдармен қамтылған.
Шығыс Қазақстан өнер училищесінің негізінде құрылған іс-тәжірибе мектебінде оқу апталығы - бес күндік, арнайы пән сабағы аптасына 2 рет жүргізіледі, сабақ екі ауысым бойынша (сағат 8.10 нан), сабақ ұзақтығы – 45 минут. Іс-тәжірибе балалар музыка мектебінің оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі, педагог – кеңесші аптасына 2 рет жекелей кеңес беру сабағын өткізеді.
Студенттер оқушылармен сабақты өздері өткізеді, педагог – кеңесші тек бағыттаушы ретінде көмек көрсетеді, оқушылармен алғашқы сабақтарды педагог – кеңесші өткізеді. Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында оқушыға деген жауапкершілік сезімі пайда болып, педагогикалық жұмыста қажетті тәжірибелік дағдылар қалыптасады.
Білім беру деңгейін көтеру мақсатында іс-тәжірибе барысында ашық сабақтар ұйымдастырылып, ол сабақтарға әріптес ұстаздар шақыртылады. Өткен сабаққа баға беріліп, сабақ барысында пайдаланылған оңтайлы әдістер аталып өтіледі, сонымен қатар, оқыту әдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылады. Іс-тәжірибе мектебінің педагогикалық құрамы бір орында тұрмай, оқыту әдістерінің түрлі тәсілдерін оңтайландырып, үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Мансаптық мүмкіндіктері:
- Білім беру (педагогикалық): балалар музыка мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, жалпы білім беру мекемелерінде музыкалық педагогика.
- Орындаушылық: кәсіби және концерттік көркемөнерпаздар ұйымдарындағы, музыкалық ұжымдарда, үйірмелер мен студеялардағы қызмет. Шығармашылық ұжымдарда, концерттік мекемелерде, радио және кино мекемелерінде, халық аспаптары оркестрінде, фольклорлық ансамбльдердегі қызмет.
- Мәдени – ағартушылық: оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыру. Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуы, осы негізде қоғамның адамгершілік және зияткерлік әлеуетін арттыру. Жастарды музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілеріне тарту. Оқушыларды жоғары көркемдік, шын мәнінде құнды музыкаға, адамгершілік-тұлғалық жетілуге деген қажеттілікке тәрбиелеу.
- Коммуникативтік-ұйымдастырушылық: шығарманың балалармен бірге өмір сүру үрдісін қалыптастыру, музыкалық-педагогикалық міндетке сай оқушылардың эмоционалдық жағдайын реттеу. Ұстаз бен балалар арасындағы эмоционалды рухани байланысты реттеу, оқушыларға мейірімділікті, оларға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру, балалар мен музыка арасындағы эмоционалды-рухани субъективті қатынастардың пайда болуы, оны оқушының жеке қабылдауы мен қайта ойнап беру бойынша қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Музыкалық шығарманың адамгершілік-эстетикалық және көркемдік мазмұнын анықтау, музыкалық тілді меңгеру, музыкалық-танымдық үдерістерді дамыту; музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде оқушылардың ұжымдық, топтық және жеке іс-әрекеттерін ұйымдастыру.